Сабақ тақырыбы Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдықты және орташа жылдамдықты есептеу



бет3/7
Дата07.10.2022
өлшемі37,91 Kb.
#41736
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Бағалау критерийі:

  1. Шамалардың анықтамасын айта алады;

  2. Қозғалыс түрлеріне мысалдар келтіре алады

Үй тапсырмасын бағалауға арналған дескриптор:

  1. Жол, орын ауыстыру шамаларының анықтамасын айта алды

ҚБ – «От шашу» әдісі
1 шапалақ- орташа,
2 шапалақ – жақсы,
3 шапалақ –өте жақсы

презентация



Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіру. Жылдамдық, орташа жылдамдық шамасын енгізіп, формула, өлшем бірліктерін оқушылардан сұрау.
Есептер шығару. (тақтамен жұмыс)
№ 1. Теңдікті түрлендір:
36 км /сағ = 10 м/с ; 6 км/мин = 100м/с ;
54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с = 1 м/с ; 
250см/с = 2,5м/ с ; 7,9 км/с = 7900м/с
І топ
а) Ақтау мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км , Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.
ІІ топ
б) Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.
ІІІ топ
в) 750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
Бағалау критерийі:

  1. Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алады.

  2. Формулаларды түрлендіріп, тапсырмаларды орындай алады.

  3. Есептің нақты шешімін таба алады.

Дескриптор:

  1. Оқушы есептің берілгенін, физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіріп және нені анықтау керектігін жаза алды.

  2. Белгісіз шаманы берілген формуладан таба алды.

  3. Формулаларды математикалық түрлендірді

  4. Есеп шешімі шықты және жауабы жазылды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет