Сабақ тақырыбы Уақыт алға жетелейді Оқу мақсаты


Бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты тапсырмаларын орындайық



бет2/5
Дата23.12.2022
өлшемі39,35 Kb.
#59287
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
13-сабақ Уақыт алға жетелейді

Бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты тапсырмаларын орындайық.
Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан асқан жүйрік жоқ.
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.

Өткізе бермей жай ғана,


Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат - тең уақыт
Берілген кедей, байға да.

Бұл уақыт деген шынымен,


Өлшенбес сағат тілімен.
Өлшенер уақыт іспенен,
Не істедің бүгін күнімен?!


Дүбірін сезіп алыстан,
Заманмен мынау жарысқан.
Уақытын дұрыс жұмсайтын
Адамдар - нағыз данышпан!


Сұрақ-жауап
- Өлеңнің мазмұнынан не түсіндік?
Өлеңнің негізгі мазмұны адамға берілетін уақыт жайында.
- Ақын уақыт ұғымына қандай түсінік беріп отыр?
Уақытты қолында бір мықты билігі бар жүйрік деп танытады.
-Өлеңде бізге ой салатын , үлгі боларлық қандай мәселелер айтылған?
Уақытты дұрыс пайдалану керек.

Дұрыс айтасыздар, өлеңде адамға берілетін уақыт жайында айтылған . Бұл өлеңді көкшелік ақын Алмас Темірбай деген ақын ағамыз жазған. Өлең жолдарын оқи отырып, адам өміріндегі баға жетпес сыйлықтың уақыт екенін білуге болады. Сонымен қатар, уақыт адамның қолындағы билігі, оны дұрыс пайдалана білу де соншалықты маңызды. Уақытын үнемдеп, пайдасына тиімді етіп жарата білу үлкен данышпандықты танытады.


Ендеше, мәтінге әрі қарай талдау жұмысын жасайық. Берілген кестеге мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратып жазайық. Ол үшін дискрипторға назар аударыңыздар.


Тапсырма: Мәтінмен жұмыс. Өлеңді оқып, негізгі, қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Дескриптор:
-өлеңді түсініп оқиды;
-өлеңдегі негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет