Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
Уақыт Алланың ең қымбат сыйы
|
1.Уақыт сағатпен өлшенеді.
2.Уақытты тиімді пайдалану керек.
3.Жиырма төрт сағат уақыт барлық адамдарға бірдей беріледі.
|
Тапсырма: Өлеңдегі зат есімнің мағыналық түрлерін
ажыратып, жалғаулы зат есімдерді табыңыздар.
Дескриптор:
-зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады;
-жалғаулы зат есімдерге талдау жасайды.
Талдау жұмысын бастамас бұрын, грамматикалық норма, тілдік бағдарға назар салайық.
Қазақ тілінде зат пен құбылыстың атауын білдіріп, кім? не ? деген сұраққа жауап беретін сөз табын зат есім деп атаймыз. Зат есім мағынасына қарай 4-ке бөлінеді.
Жалпы есім - біркелкі заттар мен құбылыстарды жаппай атайтын сөздер. Мысалы: мектеп, оқушы тб
Жалқы есім - арнайы берілген есімдер мен атаулар. Мысалы: Нұр-Сұлтан қаласы, Ертіс өзені тб
Деректі зат есім - көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын атаулар. Мысалы: кітап, қалам, шәйнек тб
Дерексіз зат есім - көзге көрінбейтін, адамның ойлау нәтижесінде ғана танылатын құбылыс пен ұғымның атаулары. Мысалы: ақыл, ой, сана тб
Ал,балалар, сіздер қалай ойлайсыздар, уақыт сөзі зат есімнің қай түріне жатады деп ойлайсыздар?
Дұрыс айтасыздар, уақыт - дерексіз зат есім.
Ендеше , өлеңдегі уақыт сөздерінің астын сызып шығайық.
Осы сөздердің түбірін уақыт деп алып қарасақ, одан кейінгі
Уақыттан –(тан шығыс септігінің жалғауы, неден деген сұраққа жауап беріп тұр)
Уақытты –( ты табыс септігі, нені деген сұраққа жауап береді)
Уақытын – (ын табыс септігі, несін деген сұраққа жауап беріп тұр)
Уақыт - (атау септігінде тұр, не деген сұраққа жауап береді)
Осы өлеңде уақыт сөзінен басқа адамға, дүбірін, заманмен, адамдар, пайдаңа, тілімен ,күнімен, іспенен деген жалғаулы зат есімдер де бар. Осыған қарап тіліміздегі зат есімдер септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын да қабылдай алады деген қорытынды шығаруға болады.
|
Слайд 4
А.Темірбайдың 4 шумақ өлеңі
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
Тілдік бағдар
Слайд 10
Өлең талдауымен
слайд 11
|