Сабақ тақырыбы Уақыт алға жетелейді Оқу мақсаты


Енді біз біздің ертедегі ата-бабаларымыздың уақытты қалай үнемдеп қолданғаны, қалай пайдаланғаны туралы деректермен танысып көрейік



бет4/5
Дата23.12.2022
өлшемі39,35 Kb.
#59287
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
13-сабақ Уақыт алға жетелейді

Енді біз біздің ертедегі ата-бабаларымыздың уақытты қалай үнемдеп қолданғаны, қалай пайдаланғаны туралы деректермен танысып көрейік.
Біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы халықтық өлшем жүйесі бойынша жұмыс жүргізіп келген. Әр уақытты анықтауда аса бай тәжірибе жинақтай білген. Ай мен күн, апта, тәулік секілді уақытты өзінің күнделікті тұрмысына, шаруашылығына байланысты жобалаған. Мысалы, тәуліктегі 24 сағаттың 1 секундын - “қас қағым сәт”, “ә дегенше”, 10-15 минутты - “сүт пісірім”, 25-30 минутты- “шай қайнатым”, 1 сағатты -“бие сауым” десе 2 сағат уақытты - “ет пісірім” деп болжаған. Ал бүгінгі күні біз қолданып жүрген сантиметр, метр, километр сияқты өлшемдерді - елі, қарыс, сүйем, аттам, құлаш сияқты өлшемдермен атаған.
Ендеше, балалар, өзіміз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген мезгіл атауларын қаншалықты білеміз? Білгенімізді тексеріп көрейік. Ол үшін төмендегі берілген атаулардың мағыналарын іздеп көрейік.
Тапсырма: Берілген мезгілдік ұғым атауларының мағынасын анықтаңыздар
Дескриптор
-мәтіннің мағынасын түсінеді;
-мезгілдік ұғым атауларын ажыратады;
-мағынасына қарай сәйкестендіреді.

Күн ұясына батқанда

Кешкі ымырт шағы

Жер көктегенде

Көктем шыға

Құралайдың салқыны

Киіктің төлдейтін, аяғынан өргізетін шағы

Таң бозарып атқанда

Таң алдында

Қансонарда

Қар алғаш жауған кезде аңшылардың аңға шығатын күні.




слайд 12


Слайд 13






Қорытынды
Бүгінгі сабағымызды қорытындылайтын болсақ, уақыт - біздің кешегі, бүгінгі және ертеңгі күніміз. Сол күнді біз қалай пайдаланатынымыз, қалай қолданатынымыз өзімізге байланысты. Сондықтан біз уақыттың бір орында тұрмайтынын жете түсініп, уақытты босқа өткізбеу керектігін түсіне білуіміз керек. Яғни уақытты дұрыс пайдалану данышпандық деген қағиданы естен шығармайық. Себебі уақыт үнемі алға жылжып отырады және бізді жетелеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет