Менің оюым, сенің оюың,
сіздің оюыңыз, оның оюы.
-Ою деген сөз қай сөз табына жатады?
-Зат есімнің сұрақтары қандай?
(Зат есімнің ережесінайту сұрағын еске түсіру)
Қазақтың ұлттық киіз үйі мен берілген сөздерді байланыстырып айтып көріңіздер.
-Не байқадыңдар?
Менің киіз үйім. Сенің киіз үйің. Сіздің киіз үйіңіз.Оның киіз үйі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі.
Сабақтың мақсаты: зат есімнің тәуелденуін анықтау. Мәтіннің тақырыбын және оның негізгі ойын анықтау
Сабақтың дескрипторы: зат есімнің үш жағы бойынша жұмыс жасаймыз. Мәтіннен тәуелдік жалғаулады тауып үйренеміз
Үй жұмысын тексеру: 55 жаттығу.
(Т)56 жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Үйрену
Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Тікұшақты жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Суда жүзген балықты
Бақыладық байыпты.
Соған қарап жасадық,
Біз сүңгуір қайықты.
Аққұманның оттағы
Бүлкілдейді қақпағы.
Соған қарап белгілі
Паровозды тапқаны.
Аяз – шебер суретші,
Салады әсем суретті.
Терезені оюлап,
Өрнектеуді үйретті.
Абдырахман Асылбековтен
• Сұрақтарға жауап бер.
1. Ғарышқа ұшу қалай пайда болды?
2. Адам қайықты қалай ойлап тапты?
3. Бу мәшинесі қалай дүниеге келді?
• Адам табиғат құбылыстарынан тағы нені үйренуі мүмкін екенін топта талқыла.
• Өлеңнен тәуелдеулі сөзді тап. Сол сөзді үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
|