V. Үйге тапсырма: §5.7. §5.8. №5.8.1, №5.8.4, . №5.8.5, №5.8.6.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып
« Салыстырмалы теория элементтері» тарауы бойынша есептер шығару.
Мақсаты:
Оқушылардың өткен тарауда алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: есептер шығару
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарау бойынша алған негізгі түсініктер мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару. С. Тұяқбаев:
№5.1.12
Қандай жылдамдықта электронның массасы оның тыныштық массасынан екі есе артады?
№5.1.16.
Егер ғарыш кемесіндегі уақыттың жүрісі Жерде тұрған бақылаушының көзімен қарағанда екі есе бауласа, онда қозғалмайтын санақ жүйесі Жерге қатысты ғарыш кемесі қандай жылдамдықпен жүреді?
№5.1.19.
Егер Жерге қатысты 0,8 с жылдамдықпен қозғалатын ғарыш кемесінде 21 жыл уақыт өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
№5.1.22.
Егер мезонның толық энергиясы тыныштықтағы энергиясынан 10 есе артық болса, оның жылдамдығы қандай?
№5.1.25.
Бөлшек қандай жылдамдықпен қозғалғанда оның кинетикалық энергиясы тыныштық энергиясына тең болады?
IV.Қорытыныдылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: №5.8.4, . №5.8.5, №5.8.6.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §6.1, §6.2. Жылулық сәуле шығару. Стефан-Больцман және Винн заңдары.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жылулық сәулелену, энергетикалық жарқырау, энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы, дененің сәулелену қабілеті, спектрлік жұту қабілеті, абсолют қара дене, Стефан-Больцман заңы, Винн заңы, квантт энергиясы туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |