Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Рентгендік сәулелену деген не?
Рентген түтіктерінде рентген сәулелерінің пайда болуын түсіндір.
Тежелуші рентген сәулеленудің қысқа толқынды шекарасы деп нені айтамыз?
Лебедев тәжірибесін сипаттап беріңдер.
Кванттық теория тұрғысынан жарық қысымын қалай түсіндіруге болады?
Ф-жұқа металл фольга
С-санағыштар
М-арнаулы механизмдер
Вавилов тәжірибесі. Бұл тәжірибеде өте әлсіз, интенсивтігі адам көзінің жарықты сезіну шегімен сәйкес келетін жарық көздерінің бір жанып, бір сөніп жыпылықтап тұруы бақыланады. Егер адам біраз уақыт қараңғыда отырса, ол тек интенсивтігі жоғары жарықты көре алады, одан әлсізді көрмейді. Бұдан әр жарқыл кезінде интенсивтік орташа мәнінен ауытқып отырған деген қорытынды жасауға болады.
Жарық –тез қозғалатын корпускулалар ағыны. (жарықтың түзу сызықты таралуы).
ХІХ ғасырдың аяғында фотоэффект және Комптон эффектісі Ньютон теориясын негіздеді.
Жарық дегеніміз – толқын. Толқындар қиылысқаннан кейін өзара әсерлеспейді.
Интерференция, сыну құбылыстары, дифракция құбылыстар Гюйгенс теориясын негіздеді.