IV. Бағалау.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §7.3. Бор постулаттары.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға Бор постулаттары туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Қандай тәжірибелер атом құрылымының күрделі екенін көрсетед?
Сызықтық спектр деген не?
Сутегі спектрінде қандай сериялар бар?
Томсон үлгісін сипаттаңдар.
Резерфорд тәжірибесін сипаттап, түсінідіріп беріңдер.
Атомның ядролық үлгісін сипаттаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бордың бірінші постулаты.
Атомда электрондар қозғалатын стационар орбиталар бар. Стационар орбитадағы электрондар сәуле шығармайды.
Бордың екінші постулаты.
Электрон энергиясы Еn стационар орбитадан энергиясы Еm стационар орбитаға ауысқанда, энергия кванты жұтылады не шығарылады. Ол энергия мына түрде анықталады:
hν=En-Em
Энергетикалық диаграмма
Атомның әрбір энергиясының мәніне сәйкес күйі горизонталь сызықпен бейнеленеді, бұл сызықты энергетикалық деңгей деп атайды.
Атомның энергиясы ең аз күйін негізгі күй, басқалары қозған күйлер деп аталады.
ІV. Пысықтау.
Бор постулаттарын айтып беріңдер.
Атомның қандай күйлерін стационар деп атайды?
Энергетикалық диаграмма деген не?
Стационар күйлердің қайсысы негізгі деп аталады? Неге?
Достарыңызбен бөлісу: |