Сабақ түрі: есептер шығару
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тарау бойынша алған негізгі түсініктер мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№7.1.5.
Сутегі атомының ядросын екінші Бор орбитасы бойымен айнала қозғалған электронның айналу жиілігін анықтаңдар.
№7.1.6.
Сутегі атомының бірінші орбитасындағы электронның потенциалдық, кинетикалық және толық энергиясын табыңдар.
№7.1.20.
Төртінші орбитадан екінші орбитаға ауысқандағы сутегі атомы шығаратын сәуленің толқын ұзындығын анықтау керек.
№7.1.29.
Сутегі атомының бірінші Бор орбитасындағы электронның де Бройль толқын ұзыныдығын табыңдар.
№7.1.30.
103 К температурадағы сутегі атомының де Бройль толқын ұзындығын анықтаңдар.
№7.1.39.
Лазер 100 Вт қуатты тұтына отырып, толқын ұзындығы 600 нм жарық шығарады. Егер лазердің ПӘК-і 0,1 % болса, ол бір секундта қанша квант шығарады?
IV.Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: №7.1.4, №7.1.4, №7.1.24, №7.1.31.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §8.1. Атом ядросы. §8.2 §8.3. Ядроның нуклондық моделі. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға атом ядросының заряды, атом ядросының массасы, ядролық физикадағы өлшем бірліктер,атом ядросының пішіні мен өлшемі туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |