Сабақ тақырыбы:«Мен ұнататын жыл мезгілі. Дыбыс.»



бет4/4
Дата14.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#27906
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қмж

Пәнаралық байланыс

Дүниетану


АКТ қолдану

Интербелсенді тақта, бейнетаспа


Бастапқы білім

Тыңдалым және айтылым



Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Қызығушылығын ояту.

Жұмбақтар

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Ж: Қыс мезгілінде



Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Ж: Көктем мезгілінде.
Өрік алма,

Жидек жүзім піседі.

Қауын қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Ж: Жаз мезгілінде.



Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Ж: «Күз» мезгілінде.


  • Балалар, бүгінгі сабақта біз жыл мезгілдері және дыбыс ұғымымен танысамыз.


Топқа біріктіру. Ағаштар суреттері арқылы қыс, жаз, көктем, күз топтарына біріктіремін



Жыл мезгілдері көрсетілген слайдтар





Сабақтың ортасы


1 тапсырма. «Тікелей радиоэфир» әдісі

Әр топтан бір оқушыдан тікелей радиоэфирға қонаққа шақырылады. Мұғалім – тілші. Әр топтың атауы бойынша сұрақтар беріп, сұхбат алады.



  • Сіз қай мезгілсіз?

  • Күз айларын атаңызшы.

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жауап бере алмаған оқушы өз тобына қоңырау шалады.

Бағалау: Топтар бір-бірін бағалайды.

жасыл жапырақ-жақсы

сары жапырақ-орта

қызыл жапырақ – төмен


Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.



Сөз дыбыстардан тұрады. Дауысты және дауыссыз дыбыстар болады. Дауысты дыбыстар қызыл түспен , дауыссыз дыбыстар көк түспен белгіленеді. Мысалы: Жаз— бір дауысты , екі дауыссыз дыбыстардан тұрады.
2-тапсырма. Суреттердегі жыл мезгілдерін ата. Сызбаға назар аудар. «Сәйкестендіру» әдісі

- Екі жақтағы суреттерді сәйкестендір. Әр жыл мезгілі суретінің астында берілген сөз сызбасын оқыңдар.

- Асқар не істеп отыр? (қауын жеп отыр)

- Қауын қай мезгілде піседі? (күзде)

- «Күз» деген сөз неше дыбыстан тұрады? (3)

- Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар? (2 дауыссыз, 1 дауысты) Қанша буыннан тұрады? (1) Неліктен? (1 дауысты)





Бағалау: жұппен бірін-бірі бағалау. «Басбармақ» әдісі
Сергіту сәті. Қозғалмалы жаттығулар
3-тапсырма. Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Күз мезгіліне байланысты берілген суретті бояу. Әріп элементтерін үлгі бойынша жазады.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау, әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу.

Тәттілермен бағалаймын.


4. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:

Жеке жұмыс. Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты



дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-суреттегі заттарды атайды;

-сөздегі дыбыс санын анықтайды;

- сөздегі дауысты дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;

- сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтайды және сәйкес түспен бояйды;

- дыбыстарды дұрыс атайды.

Күлегештер арқылы оқушылар тақтада ілулі тұрған жауапқа қарап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
жапырақ

Суреттер


бейнетаспа

жұмыс дәптері



ҚБ арналған жинақ

Сабақтың соңы


«Сұрақ-жауап» әдісі

  • Дыбыстардың қандай түрлері бар?

  • Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

  • Дауыссыз дыбыс қандай түспен белгіленеді?

  • Қай жыл мезгілін ұнатасың?

Рефлексия._«Бағалау_ағашы»'>Рефлексия. «Бағалау ағашы»


Бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды

Бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым көп, оқуым керек

Көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды






Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Қолдауды қажет ететін оқушылар 3-тапсырмадағы бір буыннан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

2.Дарынды оқушылар 3-тапсырмадағы 3 буыннан тұратын сөздерді неліктен үш буыннан құралғанын дәлелдейді.




  1. Топтар бір-бірін бағалайды.

жасыл жапырақ-жақсы

сары жапырақ-орта



қызыл жапырақ – төмен;

  1. Жұппен бірін-бірі бағалау «Басбармақ» әдісі;

  2. Тәттілермен бағалаймын.

  3. Күлегештер арқылы бағалайды




АКТ қолдануға байланысты, табиғатты ластамау

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Тікелей радиоэфир» әдісін сабақта қолдану өте тиімді, әрі қызықты
2: Ұйымдастыру кезінде жұмбақтар шешкен тиімді
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Өз өмірімен байланыстырып, шешім қабылдау

2: Басқа тиімді, жаңа әдістерді қолдану

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет