Барлық оқушылар: Мәтін иллюстрациясы бойынша қойылған сұраққа жауап береді, мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды, сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып дұрыс дыбыстап үйренеді, жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуды біледі.