Сабақ Тақырып: Өзіңді тану -өмірді тану Құндылық


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс



бет189/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,41 Mb.
#12529
түріСабақ
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.






  1. Топпен ән айту.







  1. Үй тапсырмасы.







  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)



Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым

Шаттық шеңбері


  • Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

-Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық.

Әңгімелесу

Топпен жұмыс

- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.

(бетшені толтыру)



Ақ тізім

Қара тізім

Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,
Қамқор, көпшіл

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,
мақтаншақ, тентек.

- Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады..

Соңында екі оқушыға оқытамын.

Дәйексөз

Адамның ең жаманы – талапсыз

( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды.)

- Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.

Осы дәйексөзді дәптеріміздің соңындағы « Менің дәйексөздерім » деген беттегі, бүгінгі сабақтың тақырыбының астына жазып алайық.

Ойын: « Мен адаммын »

- Қазір ойын ойналық.Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.

- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.

М: Өте жақсы, жарайсыңдар.

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бойымыздағы жаман қылықтарымыз сыртқа шығып, оның орнына шипалы ауамен бірге жақсы қасиеттердің де бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді 1,2,3 деп көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.

Мақал – мәтелдер айтайық.

М: Балалар, Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Ойланып көрелік. Кәне, кім айтады?

- Өтірік сөз өрге баспас.

- Еріншектің ертеңі таусылмас.

- Жалқаудың жаны тәтті.т.б.

М: Рахмет, балалар! Бәріміз де мақал-мәтелдерді көп біледі екенбіз.Енді кезекті тағы да ойынға берелік.

Ойын: « Мен қандай баламын? »

Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.

М: Балалар, қараңдаршы, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

Қорытындылау

-Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда адамның адамгершілік қасиеттері туралы, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі жөнінде әңгімелестік.

- Енді осыларды қорыта келе « Бүгінге бес тапсырма » алайық. Ортамыздан бес оқушы тұрып, « дәл бүгіннен бастап, мен әдепті боламын » деген сияқты өзіне тапсырма алады. Кәне, кім бастайды?



  • Дәл бүгіннен бастап, мен тәртіпті боламын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен өтірік айтпаймын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен шыншыл боламын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен айтқанды тыңдаймын.

  • Дәл бүгіннен бастап, мен үлкенді сыйлаймын.

- Рахмет. Енді осы берген уәдемізде тұратын болайық.

Үйге тапсырма

- Үйге тапсырма алайық. Дәптердегі « Мен кім болам? » тақырыбына арнап сурет салып келеміз.

Жүректен жүрекке

- Барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық.

(Оқушылар шеңберге тұрады.)

- Мына « Қошемет қуыршағын » бір-бірімізге жалғастыра отырып, табиғат заттарымен байланыстыра жақсы тілегімізді айтайық.

( балалар бір-біріне тілектерін айтады. )



  • Күндей жарық бол!

  • Судай мөлдір бол!

  • Бұлақтай таза бол!

  • Сүттей ақ бол!

  • Құмырсқадай еңбекқор бол!

  • Таудай талапты бол!

  • Күн нұрындай мейірімді бол!

  • Жердей кең пейілді бол!

  • Жаздай жайдарлы бол!

Хормен: Мен-Адаммын, өйткені,

Тағылықтан тайсалам.

Мен-Адаммын,өзімнің

Туып өскен жерімде,

Көктем келген кезінде

Көктеймін де жайқалам.

М: Рахмет, балалар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: ___________________ Мерзiм: ________________№ 29 – 30 сабақ

Тақырып: Адам мен отан

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық

Мұғалiм: ____________________________ Сынып «9а» Оқушылар саны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет