ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.
- Балалар, біз кімбіз?
- Адамбыз.
- Адамды қоршаған орта қалай аталады?
- Табиғат
( глобусты көрсетемін)
- Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?
- Глобус
- Дұрыс айтасыңдар. Глобус - жердің кішірейтілген дәл үлгісі. Ал осы глобустан не көріп тұрмыз? Атайық.
- күн, ай, жұлдыздар, адамдар, құстар, жануарлар, сулар, т.б
- Дұрыс айтасыңдар.Осылардың ішінде адамның, біз атаған табиғат иелерінен ерекшелігі неде?( Дүниетанумен байланысты)
Салыстыру
- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.
аң адам
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.
Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелеу
- Енді барлығымыз бері қарап, мені мұқият тыңдалық. Мен сендерге Абай
Құнанбаев атамыздың « Ғылым таппай мақтанба » өлеңін оқып беремін.
( Бұл өлең 2- сыныптың Ана тілі оқулығынан алынды. « Атамұра» баспасы.2009 ж.)
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
- Өлеңнен не түсіндіңдер?
- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?
- Неден аулақ бол дейді?
Сызбаны көрсетіп түсіндіру.
Бес асыл іс
|
Бес дұшпан
|
Талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым
|
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ
|
|
|