Әр топқа «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында коллаж жасайды. Коллажды тақтаға іліп, қорғайды және әр топ бір-біріне сұрақтар дайындап қояды, сұрақтарға өздері қосымша ой қосады.
Оқушыларға шын жүректен мұғалім тарапынан келесідей кеңестер беріледі:
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз: Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.
Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
Өзгені айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.
Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамныңашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.