Сахналау: Оқулықта телефонмен сөйлесу және автобус ішіндегі әбепке байланысты берілген көріністі оқушылар сахналап,талдайды.Өмірден мысалдар келтіреді. Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндір.Сынып үш топқа бөлінеді.Слайдта көрсетілген үш мақалды үш топ талдап , өз ойларымен толықтырып ой бөліседі. »Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудыңадамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Мен бүгін айдарында:оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты аффирмацияны таңдайды.
-Айналамдағы адамдармен жақсы қарым
-қатынаста боламын.
-Барлық орталық игіліктерге ұмтыламын.
-Қолымнан келіп тұрған адамдарға жәрдем беру мен үшін еш қиындық тудырмайды.
-Өз өмірімде әдепті, әсем, сыйлы, сүйкімді болуды қалаймын. -Кез келген адамның қайталанбас даралығын құрметтеймін. Слайдта жазылған ережені сақтау туралы оқушыларға ұсынылады.
Дәптермен жұмыс 31- бет 1 -тапсырма
Топпен ән айту.
«Қыз сыны» әнімен сабақты аяқтауға болады.
Қыз сыны
Сөзін жазған Қ.Қазыбеков Әнін жазган М. Омаров Үкілі камшат, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашы төгіліп жерге, Күмісті шашбау жарасып белге. Қиылған қасы Қарақат көзі,
Жүректі баурап, Оятар сезім.
Тал бойың нәзік, Қызғалдақ гүлдей, Дидарың нұрлы, Шуақты күндей.Жаңарып қайта, Жаңғырып көне, Ләззат алар, Көрген жан сенен. Көркіңнен сенің Айналдым еркем, Халкымның салтын, Сақтаған көркем.