Сабақ. Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата09.10.2022
өлшемі412,9 Kb.
#42031
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 Митоз және Мейоз

Митоздық (пролиферациялық) цикл - жасушаның бөлінуге даярлануы, 
бөлінуі кезеңдерінде жасушаның құрылысы мен қызметінің және
генетикалық материалдың құрылымдарының қайта түзелуі сатылы түрде 
өтетін, бір бірімен тығыз байланыста жүретін үдерістердің жиынтығы. Бұл 
цикл келесі кезеңдерден тұрады: 
а) митоз – М; 
б) постмитоздық (пресинтездік) кезең – G
1

в) синтездік кезең – S; 
г) постсинтездік (премитоздық) кезең – G
2

Митоздық цикл кезеңдерінің сызбасы, сурет 1: 
 
Сурет 1. Жасушаның митоздық циклы 
 
 


1. Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
- жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ 
репликациясына дайындық; 
- митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;
- цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық 
негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді; 
- РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, 
көлемі ұлғаяды; 
- екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);
- жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты 
(2с). 
2. Синтездік кезең S: 
- ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) 
редупликациясы жүреді; 
- ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда 
ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен 
байланысады; 
Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері 
тетраплоидты болады (2п, 4с).
3. Постсинтездік кезең G
2

- жасуша бөлінуге даярланады; 
- жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, 
арнайы ақуыздар синтезделеді. 
Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған 
жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ 
молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G
2
аяқталысымен жасуша 
митозға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет