Сабақ. Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата09.10.2022
өлшемі412,9 Kb.
#42031
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. 
Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі:
пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына
жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер 
ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты
жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен
тұрады (n2c)
Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза II (интеркинез) бірден 
басталып өте қысқа уақытта өтіп кетеді. Бұл кезеңде ДНК-ның екі еселенуі 
(хроматидтердің еселенуі) жүрмейді.
Мейоз І кейін мейоз II (эквациялық бөлінужүредіБұл бөліну митозға ұқсас 
өтеді, бірақ бөлінуге хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша
түседі. Бұл бөліну үдерісінде екі хроматидтен тұратын аналық жасуша 
хромосомалары жас жеке хроматидтерге ажырайды. 
Екі мейоздық бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығы 
бар бір жасушадан гаплоидты жиынтықты жасушалар пайда болады. 
Мейоз сонымен қатар гаметаларда жүретін кроссинговердің нәтижесінен
және гомологты хромосомалардың кездейсоқ ажырауынан генетикалық 
материалдың рекомбинациясының пайда болуына, яғни мейоз (және 
ұрықтану) кезінде ата-ананың аллельдерінің кездейсоқ қайта топтасуы 
Мендель заңдылығына сай генетикалық өзгергіштіктің пайда болуына және 
генетикалық пропорцияның ықтималдық теориясын пайдалануына мүмкіндік 
береді.
Мейоздың маңызы: 
- гаметогенездің негізгі кезеңі; 
- жынысты көбеюде генетикалық ақпараттың бір ағзадан екінші ағзаға 
берілуін қамтамасыз етеді; 
- бастапқы жасушамен жаңа түзілген жасушалар генетикалық тұрғыдан 
бірдей емес. 
- хромосомалардың бөлінбеуі немесе дұрыс ажырамауы хромосомалық 
аурулардың пайда болуына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет