ПРОБЛЕМАЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ САБАҚТЫ
кешенді ТАЛДАУ ҮЛГІСІ
(үлгіні өзіндік талдау үшін де қолдануғы болады)
Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы (сырт қарағанда);
Оқушылардың сабаққа ішкі, психологиялық дайындығы;
Мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті (қажет болған жағдайда);
Мұғалімнің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді жоспарлап, оқушыларға айтуы;
Проблемалық оқытудың қандай тәсілдері қолданылды (ізденушілік, зерттеушілік, проблемалық баяндау);
Оқушыларға білім беруде проблемалық әдістерді қолдану;
Сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекеттерінің қатынасы (байланысы);
Оқушының өзіндік жұмысының көлемі мен түрлері, продуктивті (өнімді), репродуктивті (өнімсіз) өздік жұмытарының қатынасы;
Мұғалімнің оқушы білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуы;
Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті;
Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызуы, проблемалық сұрақ қоюы, проблемалық сұрақ құруы, оларды шешу жолдарын көрсетуі;
Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызу әдістерін білуі;
Оқу проблемасын қою ережелерін сақтауы;
Оқулықты қолдануы, онымен жүргізілген репродуктивті, жартылай ізденушілік жұмыстар қатынасы;
Таңдалып алынға көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сайлығы;
Оқушылардың арнайы, жалпы білімділік біліктіліктерін қалыптастыру;
Оқушыларда танымдық біліктіліктердің болуы: проблеманы қоя білу, болжамды құрып, негіздей алу, болжамды дәлелдеу(жоққа шығару) жолдарын табу, шешімнің дұрыстығын тексеру;
Оқушылардың логикалық әрекеттерді орындай алуы;
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту (оған дәлел);
Жалпы сынып оқушыларына, жеке оқушыларға кездескен қиындықтар мен олардың себебі, шешу жолдары;
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауында проблемалық-дамытушылық білім беру талаптарының орындалуы: қандай тапсырмалар берілді (сыныпта басталған зерттеуді жалғастыру, жаңа ұқсас емес тапсырма орындау, негізгі білім, біліктерін жаңғырту үшін тапсырма беру, білімдері мен біліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін, өзіндік теориялық ұғынуға берілген тапсырмалар);
Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, дайындық деңгейін ескеруі, деңгейлік тапсырмаларды ұсынуы;
Сабақ оқушылардың еркін, ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін, сезімін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында сабақ не берді;
Сабақтың жалпы нәтижелілігі.
Сабақты бақылау парағы (сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы)
Жалпы мәліметтер:
мектеп, сынып, сабақ өткен күн;
сабақ тақырыбы мен міндеттері;
Сабақ жабдықтары:
мұғалім сабақ берудің қандай тәсілдерін қолданды;
көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар дайындалған ба;
сынып тақтасы сабаққа қалай дайындалған;
Сабақ мазмұны:
сабақ мазмұны бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай ма;
оған дидактикалық өңдеу жасалған ба;
қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;
оқушылар қандай материалдармен алғаш жұмыс жүргізді, сабақта қандай білім, білік, дағдылар қалыптастырылды және бекітілді;
сабақ материалы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға қалай ықпал етті;
қандай жалпы білімділік және арнайы дағдылар дамытылды;
пәнішілік байланыстар іске асырылды ма;
сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасады ма.
Сабақ түрі мен құрылысы:
сабақтың қандай түрі таңдалып алынған, оның тиімділігі;
сабақтың тарау бойынша сабақтар жүйесіндегі орны;
сабақтың өткен сабақтармен байланысы қалай жүзеге асырылды;
сабақ кезеңдері, олардың логикалық байланысы мен жүйелілігі;
сабақ құрылысының берілген түрге сәйкестігі;
сабақтың тұтастығы мен аяқталғандығы қалай іске асырылды.
Білім беру принциптерін жүзеге асыру:
білім берудің міндеттерді комплексті шешуге бағытталу принципі;
білім берудің ғылымилығы, өмірмен, тәжірибемен байланысы қалай орындалды;
білім берудің түсініктілігі принципі қалай жүзеге асырылды;
әр көрнекілікті қолдану мақсаты;
білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік, бірізділік қалай орындалды;
оқушылардың саналылығына, белсенділігіне, өз бетіншелігіне қалай қол жеткізілді, оқушылардың білім алуы қалай басқарылды;
оқушылардың сабақтағы дамуы қандай деңгейде болды;
танымдық әрекеттік қандай түрі үстем болды (репродуктивті, ізденушілік, шығармашылық);
білім беруді даралау мен деңгейлеу қалай іске асырылды;
оқушылардың білім алуға оң көзқарастары қалай ынталандырылды.
Білім беру әдістері:
қолданылған әдістер сабақ міндеттеріне қандай деңгейде сай болды;
олар қандай дағды әрекетін қамтамасыз етті;
оқушылардың білім алуын қарқындандыруға қандай тәсілдер көмектесті;
өздік жұмыс қалай жоспарланып, өткізілді, ол оқушылардың танымдық дербестігін қамтамасыз етті ме;
қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде
Сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру:
сабақтың әр кезеңінде білімділік міндет қалай қойылды;
жұмыс түрлері: жеке, топтық, сыныптық, қалай үйлестірілді;
оқушылардың түрлі іс-әрекетінің кезектесіп ауысуы іске асырылды ма;
оқушы әрекетін бақылау қалай ұйымдастырылды;
оқушылардың білімдері мен біліктері дұрыс бағаланды ма;
мұғалім оқушыларды қалай дамытты (логикалық ойларының дамуы, сын тұрғысынан ойлауы, салыстыру, қорытындылау қабілеттері);
оқушыларды ұйымдастыруда мұғалімнің қолданған әдістері;
сабақ пен оның кезеңдерін қалай қорытындылады
Мұғалім жұмысының жүйесі:
сабақты жалпы ұйымдастыр алуы: уақытты үнемді қолдануы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуінің байланыстылығы, оқушылардың білім алу әрекетін басқаруы, сыныпқа ие болуы, тәртіп сақтауы;
оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын көрсету;
сабаққа қажетті оқу материалын таңдауы;
мұғалімнің сабақта өзін-өзі алып жүруі: сөйлеу мәнері, такты, эмоциялылығы, кабинеттегі орны, сырт пішіні, қарым-қатынас түрі (демократиялық, авторитарлық), баға қоюдағы әділдігі;
қажетті моральдік-психологиялық ахуал жасаудағы мұғалімнің рөлі.
Оқушы жұмысының жүйесі:
сабақтың барлық кезеңдеріндегі белсенділік пен ұйымшылдық;
эмоциялық жауаптардың орындылығы;
жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;
мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы;
негізгі білім мен мілікті игеру деңгейі;
білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана алу қабілеті.
Сабақтың жалпы нәтижелері:
сабақ жоспарының орындалуы;
сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейі;
оқушылардың іс-әрекетінің, білімді игеруінің деңгейі:
1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде игеру;
2-ші – ұқсас жағдайда қолдану;
3-ші – жаңа жағдайда (шығармашылықпен) қолдану;
сабақ нәтижесі мен тиімділігінің жалпы бағасы;
сабақ сапасын жоғарылату үшін ұсыныстар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |