Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері
1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;
2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;
3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;
4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;
5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;
7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);
8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);
9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары:
Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;
Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;
Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін зерделеу;
Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;
Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;
Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы, т.б.
10 – комплексті талдау – сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау (көбіне түгел сабақ жүйесін).
Достарыңызбен бөлісу: |