Сабақ тардың қалыптасуы


Олимпиадалар және байқаулар



бет14/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Олимпиадалар және байқаулар:

Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар интернет желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі.



Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді. Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады. Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.

Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады. Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет