Сабақ тардың қалыптасуы


І. Дәстүрлі емес сабақтардың қалыптасуы



бет6/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
stud.kz-99570

І. Дәстүрлі емес сабақтардың қалыптасуы

1.1Дәстүрлі емес сабақтың қалыптасуы

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың бірі дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуга болады.

И.П.Подласый «Педагогика» атты оқулығында «Дәстүрлі емес сабақ – дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы» - деп бағалайды.

Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде қарама-қайшылықтар бар: біреулері педагогикалық ойлауда рогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педагогикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі – деп осы мәселе жайында өз көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартық. Оның бұл еңбегінде көптеп таралған дәстүрлі емес сабақтардың 36 түрін ұсынады. [1.208б]

Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.

Дегенменде ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.

Сонымен қатар оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.

Қорыта айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат-міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет