Сабақ тардың қалыптасуы


Мұғалімнің сабаққа дайындығы



бет24/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
stud.kz-99570

2.4 Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Қазіргі заман талабына сай тұрғыда құқық және экономика пәндерінен дәстүрлі емес сабақтарды беру мұғалімнің біліктілігі мен іскерлігіне байланысты. Соның ішінде мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. Қандай сабақ түрі болмасын жалпылап айтқанда оқушыларды сабаққа қызықтырыру мұғалімнің сабаққа деген дайындығына байланысты. Және де қандай сабақ болмасын ол бір жүйеде болуы бізге мәлім.[6.58бб]

Сабаққа дайындық мазмұны:

1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.

2. Жеке сабақтарды жоспарлау.

3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.

4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.

5. Сабақ мазмұнын анықтау.

6. Білім беру әдістерін белгілеу.

7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.

8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.

9. Бекіту жаттығуларын дайындау.

10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.

11. Үй тапсырмасын түсіндіру.

12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау.

Сабақ жоспарында жазылатындар:

1. Күні.

2. Айы, жылы.

3. Сыныбы.

4. Тақырыбы.

5. Мақсаты.

6. Сабақ типі, құрылысы.

7. Оқыту әдіс-тәсілдері.

8. Көрнекі құралдар.

9. Өздік жұмыстар.

10. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.

11. Қойылатын сұрақтар.

12. Үй тапсырмасы т.б.

Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек, сабақ жоспарын конспектісін жазады.

Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.

Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет