Сабақ типі : практикалық Күні



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі22,09 Kb.
#13651
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
бағалау Курмангали Баглан

Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады.

Бағалау критерийі:

●Оқиға желісін сақтап, мәтін мазмұнын айтады;

● Жалғауларды дұрыс қолданады.

Сабақ тақырыбы: Мереке құтты болсын!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сұхбатқа қатысады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, сұхбатқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі: түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түседі, сұхбаттасының ойын толықтырады.
Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде қолданады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.

Бағалау критерийі:

●Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді;

●түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түседі.


Сабақ тақырыбы: Шеруге шығамыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 

4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу 

3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту 

3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы: тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған және оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады, каллиграфиялық жазуын сақтайды.

Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады және жазады, жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.


Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет