Тақырыбы: «№ 6 практ. сабақ. Құрылтай шарты. Шарттың құрылымы мен деректемелері»
Пәні: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
Тобы: Р - 205
Уақыты: 04.11. 2020ж.
Сабақ типі: Іскерлік дағдыларын қалыптастыру
Құрылтай шарты.
Бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндіруге басқа қызметке қажет қаржыларын немесе басқа мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім. Тараптар құқықтық жағдай жасауға, яғни, мемлекеттің рұқсатымен нарық ережесіне сәйкес қандай да бір іспен шұғылдануға икемді заңды тұлға жасауға міндеттенеді. Егер жарғыда ұйымдық-құқықтық жағына ұатты көңіл бөлінсе, шартта кәсіпорынды қалыптастырудың мүліктік жағына айрықша мән беріледі. ҚР Азаматтық Кодексіне (41-бөлім, 4-бап) сәйкес, құрылтайшылар заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді.
Шартта табыс пен шығынның құрылтайшылар арасындағы бөліну тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқару, құрылтайшылардың мүшеліктен шығуы, заңды тұлғаға қажет болған жағдайда оның жарғысын бекіту көрсетіледі.
Құрылтай шарты мәтініне мынадай бөлімдер енуі мүмкін:
Құрылтай шартына мүшелерінің келісімі бойынша басқа да ережелерді енгізуге болады.
Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары жөніндегі анықтама қосымша тіркеледі, кейін дивидендтер соған сәйкес бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |