көрсете отырып, екі айнымалы арасындағы тәуелділікті көрсетіледі.
Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі графиктер туралы мағлұмат беріледі.
Оқушыларға жекелеме тапсырма беріледі.
Қала ішіндегі әртүрлі жылдамдықпен немесе бағдаршамда тоқтап және қозғалысты одан әрі жалғастырған автомобильдің қозғалысын сипатта
Қала ішіндегі әртүрлі жылдамдықпен немесе бағдаршамда тоқтап және қозғалысты одан әрі жалғастырған автомобильдің қозғалысының ара қашықтық- уақыт, жылдамдық-уақыт бойынша графигін тұрғызыңдар.
Жылдамдықтыӊ уақытқа тәуелділік графигінен анықтаӊыз:
Оқушылармен талдау жасалады. Оқушылардан шеңбер бойымен қозғалысқа мысалдар келтіруді сұрайды.
Айналу периоды мен жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгізу.
Жартылай сумен толтырылған шелекті алып, жіпке байлап және шелекті көлденең бағытта шеңбер бойынша айналдыра алады. Айналу жылдамдығы шелектегі су қалатындай яғни төгілмейтіндей барынша жоғары болады! Нұсқа ретінде жіпке байланған дене көлденең бағытта шеңбер бойымен айналдырылуы мүмкін.
Екі жағдайда да жіп қатты байланғандығына көз жеткіземіз және бұл сумен тәжірибені сыныптан тыс жерде орындатуға болады. Оқу ресурстары қажетті құралдарды қамтиды
Бағалау: Сабақта білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс,жеке және жұппен жұмыс жасау арқылы өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау түрі қолданылады.
Үй жұмысы: Д.М.Қазақбаев, Б.А.Кронгарт, У.Қ.Тоқбергенова «Физика» Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық.
І тарау. §1,2.3 5-17 беттер
2. Рефлексия :
Мен кинематика жайлы білемін ...
Мен бүгін үйрендім …
Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін
Мен түсіндім …