Сабақ типі: жаңа сабақ Мақсаты, міндеттер



бет3/5
Дата16.12.2023
өлшемі41,8 Kb.
#140023
түріСабақ
1   2   3   4   5
Іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек
3-слайд. Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 21 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын
А. С. Макаренко: педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады.
Педагогикалық шеберлік-бұл оқытумен тәрбиелеу әрекетін кәсіби меңгеру,тұлғаны жанжақты дамыту, көзқарасы мен қабілетін қалыптастыру мүмкіндігі.
4. 4-слайд: Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық ісәрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жекедара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы

Білімгерлер слайдта ұсынылған материалдарды қарайды, оқытушы түсіндірмесін тыңдайды және дәптерге түртіп алып отырады.

Білімгерлер білетін ойындарды атайды, ортаға шығып шеңбер бойымен тұрады.



Слайд
1. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова. Педагогика: Астана, 2007.
2. Н. Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004
3. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002
4. Зязюн. Основы педагогического мастрества М., 1989



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет