Сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021 Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021



бет15/92
Дата16.10.2023
өлшемі390,17 Kb.
#115845
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Байланысты:
Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-emirsaba.org

1. Сана онтологиялық мәселе ретінде

  • Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.


  • Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.


  • Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.


1. Сана онтологиялық мәселе ретінде

  • Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.


  • Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет