Сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021 Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм



бет50/92
Дата16.10.2023
өлшемі390,17 Kb.
#115845
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92
Байланысты:
Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі Дәріс Қараған-emirsaba.org

3. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм

    • Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі.


    • Өмірдің мағынасы неде?


    • Бұл сұрақты түсінуге және осыған сәйкес оны шешуге философтар екі түрлі: жеке алынған адамның көзқарасы және рулық жаратылыс, адамзат ретіндегі адамның көзқарасы тұрғысынан келеді. Бірінші түсінуде өмірдің мағынасы – жеке адамның бірегей ішкі рухани өмірінің элементі, ол оның өзі үшін қоғамдық құндылықтардың үстемдік етуші жүйелеріне тәуелсіз тұжырымдайтыны. Бұл жерде барлық адам үшін бірыңғай өмір мағынасы туралы айтуға болмайды. Әрбір индивид оны құндылықтарының өзіндік ерекшеліктері мен өз тәжірибесінде ашады.


3. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымдағы мәңгілік өмір мәселесі. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы

    • «Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен құндылықтардың жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ онда адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың, тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз өрнегін табады.


    • Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып көрінеді. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет