Сабақ түрі: танымдық ойын Көрнекілік құралдары: Электронды тақта, суреттер, стикерлер. Барысы: Мұғалім



Дата24.01.2023
өлшемі18,43 Kb.
#62661
түріСабақ
Байланысты:
Саналы ұрпақ, ұлт болашағы


Тақырыбы: Саналы ұрпақ – ұлт болашағы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүние - танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Көрнекілік құралдары: Электронды тақта, суреттер, стикерлер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.
Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. . ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Зерттеудің дерек көздері: Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 3 айналымнан тұрады.
( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым «Сыңарын тап»
ІІ айналым «Ата салтың – халықтық қалпың»
ІІІ айналым «Білгенге маржан»
І – «Сыңарын тап»Тақта мақал- мәтелдер беріледі. Оқушылар мақалды жаластырып сыңарын табады.
ІІ – « Ата салтың – халықтық қалпың» Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
1. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
2. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
ІІІ –«Білгенге маржан» . Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

2. Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
3. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
5. 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
6. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
7. Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
8. Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
9. Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (екінші орынды)
10. Сандар қатарын жалғастыр: 18, 20, 24, 32? (48)
11. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (аққайыңда алма өспейді)
12. Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама - қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір - бір мысықтан. Барлығы неше адам құландыға бара жатыр? (Бір әже ғана) » қойылған сұрақтарға келіскен - келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
5. «Үш бақытым» М. Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
6. «Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
12. «Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
14. 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет