Информатика сабағын математика пәнімен кіріктірілген сабақ түрінде өткізу
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информатикалық процестермен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктері болып табылады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күтілігінен көрінеді. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады. Информатиканың физика, химия пәндеріне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады.
Сабақтың тақырыбы:Информатика сабағын математика пәнімен кіріктірілген сабақ.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Студенттерге информатика сабағын математика пәнімен кіріктірілген сабақ туралы түсінік беру.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту,қорытынды жасауға,талдауға баулу.
Дамытушылығы: Информатика сабағын математика пәнімен кіріктіріп оқыту әдістерін сабақта пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.