Сабақ түрінде өткізудің тиімділігі



бет3/9
Дата22.10.2022
өлшемі424,09 Kb.
#44784
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
docx1544772363

Кіріспе.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында : «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»деп атап көрсеткен болатын.
Қазіргі жаратылыстану пәні оқушыларға әлемнің ғылыми–жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге көмектеседі.
Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзатпен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің бір тұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, санқырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрылысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп,қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттармен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега–макро- және–микро дүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажететкендігін бағалай біледі.
Жаратылыстану пәні - ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады.
ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне, процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады.
Күннен күнге қоғамда жаратылыстану ғылымының рөлі өсуде. Жаратылыстану ғылымының жоғары дәрежеде дамуы – білімнің түрлі салаларының нәтижелі көтерілуінің қажетті шарты. Ғылыми ақпарат тарағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Қазіргі кезде білімнің кіріктіру тәсілдерін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін кіріктіру тәсілі негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзініңде бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің бір тұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Кіріктіру тәсілінің бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әртүрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Кіріктіру тәсілін жүзеге асырудың жолдары мынандай:
•Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде–өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.
• Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктермен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділікпен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
•Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әртүрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет