Сабақ Вектор дегеніміз не: генді бөлек клеткаға тасымалдай алатын құрылым


МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ - 216



бет30/41
Дата25.04.2023
өлшемі1,31 Mb.
#86804
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Ñàáà? Âåêòîð äåãåí³ì³ç íå ãåíä³ á?ëåê êëåòêà?à òàñûìàëäàé àëàòû

МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ - 216


*1*88*4*
1. ДНҚ құрылысының моделін ұсынған ғалым
1) Эрвин Чаргафф
2) Джордж Бидл
3) Джеймс Уотсон+
4) Франсуа Жакоб
5) Жак Моно
2. ДНҚ – ААТ триплетіне комплементарлы РНҚ триплеті
1) ТТА
2) УУА +
3) ААУ
4) ТТУ
5) УУТ
3. Өздігінен екі еселену үдерісі
1) трансляция
2) транскрипция
3) репарация
4) репликация+
5) редукция
4. Бір белгі жайында ақпарат жазылған ДНҚ бөлігі
1) ген+
2) транскриптон
3) оперон
4) нуклеогистон
5) репликон
5. Нуклеин қышқылының мономері
1) нуклеозид
2) нуклеогистон
3) нуклеомер
4) нуклеотид+
5) нуклеосома
6. Полипептидтік тізбектің мономері
1) полисахарид
2) нуклеозид
3) нуклеотид
4) моносахарид
5) аминқышқылы+
7. Берілген АГГЦТГГЦТААГЦ кесіндісі нуклеин қышқылының типіне тән
1) РНК
2) ДНК+
3) т-РНК
4) р-РНК
5) а-РНК
8. ДНҚ тізбегіндегі комплементарлық ұстаным
1) А-Т +
2) А-У
3) А-Г
4) А-Ц
5) А-А
9. Чаргафф ережесімен анықталатын арақатынас
1) Г = А
2) Г = Ц+
3) Г = Г
4) Г = У
5) Г = Т
10. Прокариоттардағы ДНҚ орны
1) цитоплазмада+
2) ядрода
3) ядро мембранасында
4) кариоплазмада
5) цитоплазма мембранасында
11. Эукариоттардағы ДНҚ орны
1) цитоплазмада
2) хромосомада+
3) рибосомада
4) гольджи аппаратында
5) эндоплазмалық торда
12. Бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауап беретін геннің бөлігі
1) экзон
2) интрон
3) промотор
4) цистрон+
5) аттенуатор
13. Промотор, оператор, аттенуаторы бар геннің бөлігі
1) мағыналы
2) матрицалық
3) кодтаушы
4) реттеуші +
5) ұрылымдық
14. Гендерді бөліп тұратын нуклеотидтер қатары
1) оператор
2) аттенуатор
3) спейсер+
4) промотор
5) терминатор
15. Геннің кодтаушы бөлігіндегі ақпаратты бөлігі
1) цистрон
2) экзон+
3) интрон
4) спейсер
5) энхансер
16. Геннің кодтаушы бөлігіндегі ақпаратсыз бөлігі
1) цистрон
2) экзон
3) интрон+
4) спейсер
5) энхансер
17. Транскрипцияны аяқтау үшін қажет
1) экзон
2) интрон
3) цистрон
4) терминатор+
5) промотор
18. Геннің реттеуші ақуызбен байланысатын бөлігі
1) терминатор
2) оператор+
3) промотор
4) репрессор
5) аттенуатор
19. Геннің транскрипция жүретін бөлігі
1) матрицалық
2) мағыналы
3) кодтаушы +
4) реттеуші
5) спейсерлік
20. Транскрипция жылдамдығын жоғарлататын нуклеотидтер қатары
1) экзон
2) интрон
3) спейсер
4) энхансер+
5) сайленсер
21. Транскрипция жылдамдығын төмендететін нуклеотидтер қатары
1) экзон
2) интрон
3) терминатор
4) энхансер
5) сайленсер+
22. Белгілі бір жағдайда транскрипцияны тоқтататын геннің бөлігі
1) экзон
2) интрон
3) аттенуатор+
4) промотор
5) оператор
23. Тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының тасмалдану типі
1) жалпы+
2) жартылай консервативті
3) униполярлы
4 ) консервативті
5) тиым салынған
24. Репликация үдерісі

  1. ДНҚ ақпараттың аударылуы

  2. ДНҚ молекуласының екі еселенуі+

  3. ДНҚ молекуласының өздігінен азаюы

  4. ДНҚ ақпараттың көшірілуі

  5. ДНҚ ақпараттың РНҚ берілуі

25. Тұқым қуалау ақпаратының арнайы тасмалдануы
1) ДНҚ---ақуызға
2) ДНҚ---а-РНҚ
3) ДНҚ---а-РНҚ-ақуызға
4) РНҚ---ақуызға
5) РНҚ---ДНҚ---ақуызға+
26. Репликация жүретін кезең

    1. Синтездік+

    2. пресинтездік

    3. постсинтездік

    4. премитоздық

    5. постмитоздық

27.Жаңа синтезделген ДНҚ 5→3 бағытын көрсететін репликация ұстанымы
1) комплементарлы
2) жартылай консервативті
3) антипараллельді
4) униполярлы+
5) үзілмелі
28. Репликацияны аяқтайтын фермент

  1. ДНҚ-полимераза

  2. РНҚ-полимераза

  3. топоизомераза

  4. геликаза

  5. лигаза+

29. Жаңа түзілген ДНҚ тізбегінің ұштарының репликацияланбау мәселелерін шешетін фермент
1) ДНҚ-полимераза
2) РНҚ-полимераза
3) топоизомеразаа
4) теломераза+
5) праймаза
30. Тұқым қуалау ақпаратының жалпыға бірдей тасмалдануы
1) ДНҚ---ақуыз
2) ақуыз--а-РНҚ
3) ДНҚ---а-РНҚ- ақуыз+
4) РНҚ---ақуыз
5) РНҚ---РНҚ
31.ДНҚ репликациясының комплементарлық ұстанымы
1) А – Т +
2) Г – А
3) Г – Т
4) Т – Г
5) А – Ц
32. Репликацияда жаңа синтезделген ДНҚ тізбегінің бастапқы аналық тізбекке қарсы бағытта синтезделу ұстанымы

  1. жартылай консервативті

  2. антипараллельд+і

  3. комплементарлы

  4. униполярлы

  5. үзілмелі

33. Репликацияда бастапқы аналық тізбектің жаңа синтезделетін ДНҚ тізбегіне қалып болатын ұстанымы
1) жартылай консервативті+
2) антипараллельді
3) комплементарлы
4) униполярлы
5) үзілмелі
34. ДНҚ молекуласында а-РНҚ синтезделу үдерісі
1) репликация
2) транслокация
3) транскрипция+
4) трансляция
5) авторепродукция
35. ДНҚ-РНҚ полимераза комплексінің түзілу орны
1) оператор
2) промотор+
3) регулятор
4) терминатор
5) аттенуатор
36. Ақуыз синтезіне матрица болатынРНҚ
1) р-РНҚ
2) а-РНҚ+
3) т-РНҚ
4) про-а-РНҚ
5) про-т-РНҚ
37. РНҚ-полимеразаның ДНҚ-мен байланысатын бөлігі
1) аттенуатор
2) промотор+
3) регулятор
4) оператор
5) терминатор
38.Процессинг жүретін ағза
1) бактерия
2) ашытқы саңырауқұлағы
3) вирустар
4) фагтар
5) адам+
39.Сплайсинг үдерісі
1) экзондардың қырқылуы
2) экзондардың тігілуі
3) интрондардың тігілуі
4) интрондардың қырқылуы +
5) интрондардың тігілуі және экзондардың қырқылуы
40.Гендер арасын бөліп тұратын ақпаратсыз бөлігі
1)спейсер+
2) энхансер
3) экзон
4) интрон
5) сайленсер
41.Эукариот геннің кодтаушы бөлігінің ақпаратты бөлігі
1) спейсер
2) энхансер
3) интрон
4) экзон+
5) сайленсер
42. а-РНҚ пісіп-жетілу үдерісі
1) транслокация
2) транскрипция
3) репликация
4) трансляция
5) процессинг +
43. Үш қатар орналасқан нуклеотидтер
1) кодон+
2) экзон
3) интрон
4) промотор
5) оператор
44.а-РНҚ синтезінің 5'→3'бағытын анықтайтын ұстанымы
1) консервативті
2) жартылайконсервативті
3) антипараллельді
4) униполярлы+
5) комплементарлы
45. Полипептидтік тізбектің синтезделу үдерісі

  1. репликация

  2. трансляция+

  3. репарация

  4. трансверсия

  5. транзиция

46. Аминқышқылының бірнеше кодонмен кодталуын анықтайтын генетикалық код
1 1) триплетілігі
2 2) универсальдылығы
3 3) артықтылығы+
4 4) коллинеарлылығы
5 5) үздіксіздігі
47. Мағынасыз кодондар саны

  1. 1

  2. 3+

  3. 2

  4. 4

  5. 5

48. т-РНҚ-сайтына не байланысады?
1) ДНҚ
2) р-РНҚ
3) полинуклеотидті тізбек
4) полипептидтік тізбек
5) аминқышқылдары +
49. Трансляцияға қатысатын фермент

    1. ДНҚ-полимераза

    2. РНҚ-полимераза

    3. лигаза

    4. пептидилтрансфераза+

    5. тиогалактозидацетилаза

50. Тірі ағзаларда генетикалық кодтың бірдейлігін көрсететін қасиеті

  1. триплеттілігі

  2. универсальдылығы+

  3. артықтылығы

  4. коллинеарлылығы

  5. үздіксіздігі

51. Триплетпен не кодталады?

  1. ақуыз

  2. кодон

  3. антикодон

  4. полипептид

  5. аминқышқылы+

52.Генетикалық кодтың бірлігі
1) нуклеотид
2) триплет+
3) аминқышқылы
4) полипептид
5) ақуыз
53. Бір аминқышқылын 1-6 дейінгі кодондармен кодталуын сипаттайтын генетикалық кодтың қасиеті

  1. артықтылығы+

  2. триплеттілігі

  3. универсальдылығы

  4. қайта жабылмайтындығы

  5. арнайылығы

54. Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының қатарының ДНК кодондарының қатарына сай келуін көрсететін генетикалық кодтың қасиеті
1) үздіксіздігі
2) коллинеарлылығы+
3) комплементарлылығы
4) қайта жабылмайтындығы
5) консервативтілігі
55. Рибосоманың құрамында болатын орталық қайсы?
1) R
2) Т
3) К
4) А+
5) S
56. Лактозалық оперонды активтендіретін не?
1) индуктор+
2) репрессор
3) корепрессор
4) апорепрессор
5) аттенуатор
57. Лактозалық опероның элементі
1) промотор+
2) энхансер
3) корепрессор
4) репрессор- гені
5) реттеуші гені
58. Лактозалық оперонның активтенуі үшін қажет
1) ортада индуктордың болмауы
2) ортада репрессор-ақуызының болуы
3) индуктордың операторымен байланысуы
4) репрессор-ақуызының операторымен байланысуы
5) репрессор-ақуызының индуктормен байланысуы+
59. РНҚ-полимераза байланысатын геннің бөлігі
1) экзон
2) оператор
3) репрессор
4) промотор+
5) аттенуатор
60. Оператор
1) геннің реттеуші қатары+
2) геннің кодтаушы қатары
3) репрессор және промотор гендерінің аралығында орналасқан
4) индуктор байланысатын геннің бөлігі
5) РНҚ-полимераза байланысатын геннің бөлігі
61. Опероның негативті бақылануындағы лактозаның ролі

  1. индуктор+

  2. репрессор

  3. корепрессор

  4. апорепрессор

  5. соңғы өнім

62. Лактозалық оперонда оператормен байланысатын ақуыз
1)катализаторлық
2) репрессор+
3) апорепрессор.
4) корепрессор
5) құрылымдық
63.Оперон моделін ұсынған ғалым
1) Ф.Гальтон
2) Г. де Фриз
3) Д.Уотсон
4) Ф. Жакоб+
5) Т.Шванн
64. Оперон компоненті
1) мутатор
2) энхансер
3) модулятор
4) реттеуші гендер
5) құрылымдық гендер+
65. Репрессор-ақуызы байланысатын геннің бөлігі
1) экзон
2) оператор+
3) промотор
4) репрессор
5) аттенуатор
66. Эукариоттарда «молшылық» гендермен реттелетін гендер активтілігінің реттелу
деңгейі
1)геномдық+
2) трансляциялық
3)посттрансляциялық
4)транскрипциялық
5)посттранскрипциялық
67. Прокариот жасушаларына тән, генетикалық материал
1) нуклеоид+
2) хромомер
3) хромонем
4) нуклеомер
5) нуклеосома
68. Гендер белсенді болатын митоздық циклдың сатысы
1) митозда
2) телофазда
3) анафазада
4) метафазада
5) интерфазада+
69. Хроматин тығыздалуының бірінші деңгейі
1) хроматидтік
2) хромонемдік
3) хромомерлік
4) нуклеомерлік
5) нуклеосомдық+
70. Цитоплазмалық тұқымқуалаушылықты қандай ДНҚ анықтайды?
1) ядролық
2) рибосомлық
3) лизосомалық
4) центросомалық
5) митохондриалық+
71. Нуклеосомамен жанаспайтын ДНҚ бос бөлігі
1) линкерлік+
2) теломерлік
3) центомерлік
4) хромомерлік
5) нуклеомерлік
72. Митоздық циклдың сатысында хромосоманы зерттеу тиімді
1) профазда
2) анафазда
3) телофазда
4) метафазада+
5) интерфазада
73. Хромосоманың негізі заты
1) генфор
2) хроматин +
3) теломер
4) нуклеотид
5) центромера
74. Хромосоманың құрылымдық компоненттеріне тән фибрилла
1) хроматидтік
2) хромомерлік
3) хромонемдік
4) нуклеомерлік
5) нуклеопротеидтік+
75. Хроматиннің тығыздалуының нуклеомерлік деңгейін анықтайтын гистонды ақуыз
1) Н1+
2) Н3
3) Н4
4) Н2А
5) Н2В
76. Жасушасында генетикалық материалы сақиналы хромосома болып саналатын ағза
1) адамдар
2) өсімдіктер
3) жануарлар
4) бактериялар+
5) қарапайымдылар
77. Хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша
1) сомалық
2) трансформацияланған
3) трансформацияланбаған
4) пісіп жетілген жыныс+
5) пісіп жетілмеген жыныс
78. Кариотипке тән хромосомалар жиынтығы
1) гаплоидты
2) диплоидты +
3) анеуплоидты
4) полиплоидты
5) гетероплоидты
79. Денверлік жіктелу бойынша хромосомалар тобының саны
1) 2
2) 3
3) 4
4) 6
5) 7+
80. Париждік жіктелу бойынша хромосомалардың ұзын иығы қалай белгіленеді?
1) А
2) В
3) q+
4) С
5) р
81. Париждік жіктелу бойынша хромосомалардың қысқа иығы қалай белгіленеді?
1) А
2) В
3) q
4) С
5) р+
82. Гаплоидты жиынтықтағы тұқымқуалау материалының аталуы
1) геном+
2) генотип
3) фенотип
4) кариотип
5) генофонд
83. Тең иықты хромосома
1) спутниктік
2) телоцентрлік
3) акроцентрлік
4) метацентрлік+
5) субметацентрлік
84. Тең емес иықты хромосома
1) спутниктік
2) телоцентрлік
3) акроцентрлік
4) метацентрлік
5) субметацентрлік+
85. Центромерасы бір ұшында орналасқан, бір иықты хромосома
1) спутниктік
2) акроцентрлік
3) метацентрлік
4) телоцентрлік+
5) субметацентрлік
86. Хромосома бөлігінен бөлек, екінші реттік тартылысы бар хромосома
1) спутниктік+
2) телоцентрлік
3) центрлік
4) метацентрлік
5) субметацентрлік
87. Геномға тән хромосомалар жиынтығы
1) диплоидты
2) гаплоидты+
3) анеуплоидты
4) полиплоидты
5) гетероплоидты
88. Хромосоманы зерттеуге қолайлы болатын саты
1) анафазада
2) профазада
3) телофазада
4) прометафазада
5) метафазада+




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет