Математикалық маятниктің тербелісін зерттеу және еркін түсу үдеуін анықтау. Жоғарғы кронштейнді бұрып математикалық маятникті фотодатчиктің үстіне орнату керек.
Жоғарғы кронштейндегі шығырды бұрап мат. маятниктің ұзындығын өзгерткенде шариктегі сызық фотодатчиктегі сызықпен бірдей жалғасу керек.
Счетчиктің индикаторы /N-1/ тербеліс көрсеткенде «СТОП» кнопкасын бас! N өлшейтін тербелістің саны.
Счетчик көрсеткен тербелістің санын және секундомердегі тербелу уақытын 1 кестеге жаз.
Барлық өлшеулерді 5 рет қайтала! Әр өлшеудегі тербелістің периодын есептеп периодтың орташа арифметикалық мәнін тап!
Периодтың орташа арифметикалық мәнін 13 формулаға қойып еркін түсу үдеуін есепте.
Физикалық маятниктің тербелісін зерттеу. Тіреуіш призманың біреуін стерженнің бос ұшына бекіткенде призманың қыры стержендегі сақинаға сәйкес келуі керек.
Стерженнің ұшындағы призманы жоғарғы кронштейннің вкладына орналастыр!
Төменгі кронштейнді жоғары көтеріп, стерженнің ұшы фотодатчиктің оптикалық осін қиып өтетін болсын!