БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
Айнымалы тоқ деген не?
Электромагниттiк индукция үшiн Фарадей -Ленц заңдары қалай айтылады.?
Векторлық диаграмма әдiсiн пайдаланып айнымалы тоқ үшiн Ом заңын жазыңыз.
Тоқтың әсерлiк кернгеу, әсерлiк тоқ күшi деген не?
Тiзбекке сиымдылық, индуктивтiлiк жалғанғанда кернеу мен тоқ тербелiсiнiң айырымы неде?
Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Физикалық және математикалық маятниктердің тербелісін зерттеу
Жұмыстың мақсаты:
Математикалық және физикалық маятниктердің еркін тербелістерін зерттеу.
Құралдар мен жабдықтар:
Лабораториялық типтік қондырғылар
Теориялық кіріспе
Физикалық маятник деп оның инерция центріне дәл келмейтін қозғалмайтын нүкте маңында тербеліс жасай алатын қатты денені айтады. Тепе-теңдік қалпында маятниктің инерция центрі С маятник іліну нүктесінің астында, онымен бір вертикальдың бойында болады. /1-сурет/ маятник тепе-теңдік қалпынан бұрыщқа ауытқығанда маятникті тепе-теңдік қалпына қайтаратын айналдырушы-М күш моменті пайда болады. /1/ Мұндағы : m–маятниктің массасы а- маятниктің іліну нүктесі мен инерция центрі арасындағы қашықтық. Маятникті тепе-
теңдік қалпына қайтаратын құраушы күштің
-бағыты бұрыштың ығысуына
қарама-қарсы болғандықтан
күштің айналдырушы моменті М-нің
таңбасы « - ». Егер бұрыш болса,
деп алуға болады. Сондықтан
М=-mga /2/
Айналушы қатты дененің динамикалық теңдеуі
М=I /3/
Мұндағы I- маятниктің іліну нүктесі арқылы өтетін
өське қатысты инерция моменті
бұрыштық үдеу
3 пен 2-ні біріктірсек :
/4/ осыдан /5/
Бұл теңдеу циклдік жиілік - гармониялық тербелістің жиілігі. Циклдік жиіліктің формуласынан физикалық маятниктің тербелісінің периоды:
/6/
а-физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы.
Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы тербеліс периоды берілген физикалық маятникпен бірдей болып келетін математикалық маятниктің ұзындығы. Физикалық маятник ретінде біртекті стерженді алсақ, оның инерция моменті:
/7/
Мұндағы: m1 – стерженнің массасы
l1 – стерженнің ұзындығы
a1 – айналу осі мен инерция центрінің ара қашықтығы
Егер стерженге өлшемі стерженнің өлшемінен аз қосымша дене кигізсек, жаңадан жасалған физикалық маятниктің инерция моменті:
I2=I1+m2a22 /8/
Мұндағы: m2 – қосымша дененің массасы
a2 – айналу өсінен қосымша дененің центріне дейінгі ара қашықтық
Жаңа физикалық маятниктің айналу өсінен инерция центріне дейінгі ара қашықтық келесі формула бойынша есептелінеді:
/9/
7, 8, 9 өрнектерін еске ала отырып, осы физикалық маятниктің тербеліс периодын 6-формуламен есептесек:
/10/
Математикалық маятник деп салмақсыз және созылмайтын жіпке ілінген салмағы бір нүктеге жинақталған идеалданған системаны айтады.
Математикалық маятникті барлық массасы инерция центріне жинақталған физикалық маятник деп санауға болады.
Массасы m математикалық маятниктің инерция моменті:
I=ml2 /11/
Мұндағы: l -математикалық маятниктің ұзындығы
6-формула бойынша математикалық маятниктің тербелісінің периоды:
/12/
Осыдан
/13/
Қондырғының сипаттамалары және өлшеу әдістері.
FPM-04 универсал маятниктің жалпы түрі 2-суретте көрсетілген.
4
3
11
5
6
1
2
2-сурет
Прибордың табанындағы /1/ винтті аяқтары /2/ приборды түзу тік қоюға мүмкіншілік береді. Табанына бекітілген бағанада жоғарғы кронштейн /4/, фотодатчик пен /6/ төменгі кронштейн /5/ орнатылған. /11/ шығырды босатып жоғарғы кронштейнді бағанада айналдырып орнатуға болады. Жоғарғы кронштейннің бір жағында математикалық маятник ілінген.
Математикалық маятниктің ұзындығын /9/ шығырмен өзгертіп бағанадағы /3/ шкаламен өлшейді. Стержень сақиналарының аралығы 10 мм. Екі дөңгелекті стерженнің әр жеріне орналастырып, физикалық маятниктің периодын өзгертуге болады. Төменгі кронштейнді бағананың кез-келген биіктігінде бекітіп қоюға болады. Фотодатчик универсал миллисекундомермен қосылған электрондық схема тербелістердің саны мен тербелу уақытын өлшейді.
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛЫНУ ТӘРТІБІ
Достарыңызбен бөлісу: |