Сабаққа негізделген оқу мақсаты


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды



бет3/3
Дата01.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#105815
түріСабақ
1   2   3

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды


4-тапсырма: Рәсімделуі мен құрылымын сақтап,хат,хабарландыру,жарнама жазыңыздар.
1-топ: Шоқанға хат
2-топ: Шоқан туралы әдеби кеш өтетіндігін хабарлау
3-топ: Жарнама
Дескриптор:
1. Жанрлық ерекшеліктерді біледі.
2.Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды.
3.Хат,хабарландыру,жарнама жаза алады.
Қ.Б .Топтағы оқушылар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

5-тапсырма:
Мәтін бойынша берілген төмендегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып,тыныс белгісіне көңіл бөліңіздер.
1-топ : - Неге кешіктің?- деді Потанин.
2-топ: Шоқанға қарап: -Қашқарияға қашан жүресің?- деді әкесі.
3-топ: -Кадет корпусы қайда орналасқан?-деді Шыңғыс.
Дескриптор:
1.Сөйлем ішінен төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздерді ажыратады.
2.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыра біледі.
3.Төл сөз,автор сөзі,төлеу сөздердің тыныс белгіперін дұрыс қолдана алады.

Қ.Б .Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды мұғалім смайлик арқылы мақтап,мадақтайды.

Сабақты қорытындылау: Миыңыздың суретін салып,мәтін бойынша меңгерген мәліметтерді ішіне жазыңыздар. Үй тапсырмасы: "Тарихи ескерткіштер мұражайына саяхат..." тақырыбы бойынша энциклопедиялар мен балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпарат жинаңдар. Рефлексия: Бүгінгі сабаққа дейін білетінім_______________ Сабақ барысында білгенім__________ Білгім келетіні______________

Саралау тапсырмалары:

  • III деңгей. Шоқанның портретін жаз.
  • II деңгей. «Жұлдыз» сөзімен тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөз тіркестерін жаз
  • I деңгей. « Жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» дегенді қалай түсінесің? Осы тіркестің баламасын тауып жазыңдар.

Соңы. 5 минут
Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек».
«Өмір» ағашына сабақтан алған әсерін стикерлерге жазып, білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет