Құрылымы: • оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің, заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар аудару;
• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
• есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін жағдайларды жасау;
• оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай топтастыру;
• мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
• есте сақталған мәліметтерді анықтау;
• қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді, үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
• білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.
7. Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағы Құрылымы:
• сабақтың басын ұйымдастыру;
• оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;
• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс істету;
• білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
• үйге тапсырма;
• оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
8. Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтары
Құрылымы.
• оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
• олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
• қателерді талдау және оларды түзету;
• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
• қайталау сабағының құрылымы;
• ұйымдастыру бөлімі;
• білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
• негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
• тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;
• үйге тапсырма.