Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет16/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
Пиза тапсырмалары.docx өткен курс бойынша

PISA зерттеуіндегі жағдаяттар

Жеке мақсатпен оқуға жеке тұлғаның тәжірибелік, зияткерлік қызығушылықтарын қанағаттандыруға арналған мәтіндер жатады. Бұл категория басқа адамдармен жеке байланысты қолдау мен дамытуға арналған мәтіндерді де қамтиды. Сонымен қатар демалыс немесе көңіл көтеру іс-шараларының бөлігі ретінде қызығушылықты қанағаттандыру үшін оқуға арналған ақпараттық мәтіндер мен өмірбаяндар, көркем әдебиет, жеке хаттарды қамтиды. Электронды форматты қарастыратын болсақ, жеке мақсатпен оқу жағдаятына электронды хабарлар, әлеуметтік медиа сайттар, нетворкинг желілері және күнделік түріндегі блогтар жатады.

Қоғамдық мақсатта оқу қоғамның жалпы мәселелері мен қызметіне қатысты мәтіндерді оқуды сипаттайды. Осы категорияға ресми құжаттар, қоғамдық іс-шаралар туралы ақпарат кіреді. Сонымен қатар қоғамдық жағдаят блог, жаңалық сайттары, баспа және электронды форматтағы қоғамдық хабарламаларды қамтиды.

Білім алу мақсатында оқу жағдаятындағы мәтіндерге классикалық мысал ретінде оқулықтар мен электронды интерактивтік оқу бағдарламаларын атауға болады. Мұндай оқу кезінде ақпарат жинақтау әдетте басқа көлемді тапсырманың бір бөлігі болады. Материалды көбіне оқырман емес, оның оқытушысы таңдайды.

Кәсіби мақсаттағы оқу жағдаяты әдетте белгілі бір әрекетті орындаумен байланысты болады. Оған Интернет желісінен немесе газеттің арнайы жарнамалық бөлігінен жұмыс іздеу, жұмыс орнындағы ережелерді оқу және т.б. жатады. Мұндай мәтіндер «орындау үшін оқу» ұстанымына сәйкес келеді.

PISA зерттеуінде әр жағдаятқа берілген тапсырмалар қатынасы төмендегідей:

Жеке: 30%

Қоғамдық: 30%

Білім алу: 25%

Кәсіби: 15%

Дереккөздер

Ырсалиев С., Құлтуманова А., Сабырұлы Е., Аманғазы М. «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебі. – Астана: «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, 2017 ж. – 240 б.

PISA-2018 компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары: жинақ. – Астана: «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, 2016. – 126 б.

Оқуға арналған қосымша материалдар

PISA 2018 DRAFT ANALYTICAL FRAMEWORKS MAY 2016// https://www.oecd.org/pisa/data/PISA-2018-draft-frameworks.pdf

Common European framework of reference for languages: learning, teaching, assessment // Council of Europe. Language Policy Unit, Strasbourg [Электронный ресурс]. URL: https://rm.coe.int/16802fc1bf





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет