4-сурет. Құрамдас мәтін үлгісі
PISA-2012 тестінде жоғарыда аталған форматтар бойынша тест сұрақтарының бөлінісі келесідей: тұтас мәтіндер – 39%, тұтас емес мәтіндер – 30%, аралас мәтіндер – 23%, құрамдас мәтіндер – 8%.
Электронды мәтіндер
PISA-2018 халықаралық зерттеуінде қазақстандық оқушылар тестті алғаш рет компьютерлік форматта тапсырды. ХХІ ғасырда сауаттылық деңгейіне қатысты қойылған жаңа талаптар оқырманға қойылатын әлеуметтік-экономикалық талаптармен тығыз байланысты. Олар:
электронды технологиялармен жұмыс жасаудағы әмбебап дағдылар;
ақпараттық сауаттылық – ақпаратты өз бетімен тауып, оны сын тұрғысынан талдау;
әлеуметтік медиадағы ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлану;
бірнеше әртүрлі дереккөзден алынған ақпаратты жалпылап, өз сөзімен түсіндіре алу;
Интернеттегі этикет нормалары мен желілік қауіпсіздік негіздерін түсіну.
PISA зерттеуіндегі электронды материалдар сызықтық немесе сызықтық емес мәтін түрінде ұсынылады. (5-сурет)
5-сурет. Материалдың ұйымдастырылуы
Тестте электронды мәтіндердің айтарлықтай бөлігі гипермәтін түрінде беріледі. Сызықтық емес мәтін деп осындай гипермәтін, яғни бір мәтіннен екінші мәтінге ауысуға болатын, оқу ретін оқырманның өзі таңдайтын мәтін түрін атайды. Мәтін материалын осындай үлгіде ұйымдастыру кезінде оның бірліктерінің арасындағы ықтимал өзара байланыс бір жүйе ретінде көрсетіледі. Осы байланыстарды басшылыққа ала отырып, мәтінді кез келген ретпен оқуға, яғни сызықтық жүйе жасауға болады.
Оқырман гиперсілтемелер мен түйінді сөздер бойынша мәтінді өз ойына сай құрылымдай отырып, оны құрастырады. Мәтіннің сызықтық емес құрылымы ақпаратты гиперсілтемелер бойынша тез іздеп-табуға көмектеседі. Мұндай іздеу жолын метаіздеу деп атайды. Осы мүмкіндіктің арқасында электронды анықтамалық басылымдармен жұмыс істеу баспа нұсқалардан қарағанда тиімдірек болып саналады. Артықшылығы ретінде ақпарат көлемінің ықшамдылығы, жылдамдығы мен салыстыру үшін бірнеше қосымша басылымды қарау мүмкіндігін атауға болады.
Жиі кездесетін гипермәтін үлгісі – бірнеше тармақтан тұратын құрылымдағы гипермәтін. Ол бірнеше мәтіннің басын біріктіріп, бірнеше оқу нұсқасына жағдай жасайды (мысалы, Уикипедияны оқып отырғанда бір сілтемеден бір сілтемеге ауысу; не болмаса рет-ретімен оқып шығу, мұндайда сілтемелерді не басынан, не аяғынан бастау талабы жоқ және с.с.). Төменде Уикипедиядан алынған «өнер» ұғымымен танысуға болады. Бір ұғымның аясында бірнеше сілтеменің көрсетілгеніне назар аударыңыз. (7-сурет)
Дегенмен бірнеше кері шегінісі бар, шашыраңқы байланыстар мен комментарийлерден тұратын сызықтық емес мәтін – жаңа құбылыс емес. Ертерек пайда болған сызықтық емес мәтін үлгісі ретінде ішкі сілтемелері бар сөздікті атауға болады. Қазіргі таңда постмодернистік әдебиетте гипермәтінге тән сілтемелер мен сызықтық баяндаудың жоқтығын ойнақы әсер қалдыру үшін қолданып жатады.
7-сурет. Гипермәтін үлгісі
Жағдаят – оқу сауаттылығының компоненті
Жағдаят типі автордың мәтін құрастырудағы мақсаты мен жалпы мәнмәтінді анықтайды. (8-сурет)
8-сурет. Жағдаят типтер
Достарыңызбен бөлісу: |