Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет47/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90
1-сұрақ. Əр хаттың мақсаты не?

A. граффитидің не екенін түсіндіру

B. граффити туралы өз ойын айту

C. граффитидің танымалдылығын көрсету

D. бұл жазуларды кетіру үшін көп құрал жұмсалатынын адамдарға айту

1-сұраққа жауап толық қабылданады, 1 балл.

Жауап: В

Жауап қабылданбайды, 0 балл.



2-сұрақ. Маржан неге жарнамаларды мысалға келтірді?

2-сұраққа жауап толық қабылданады, 1 балл.

Жауапта салыстыру граффити мен жарнаманың арасында жүреді делінген. Жауап «жарнама – граффитидің заңды түрі» деген оймен сəйкес келеді немесе «жарнамаға назар аудару – граффитиді қорғау əдісі» делінген.

Жауап қабылданбайды, 0 балл.



3-сұрақ. Қай хатпен келісесіздер? Екі хаттың біреуінде немесе екеуінде де айтылған ойларды қолдана отырып, өз сөздеріңізбен көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

3-сұраққа жауап толық қабылданады, 1 балл.

Көзқарас бір немесе екі хаттың да мазмұнына назар аудару арқылы түсіндіріледі. Автордың жалпы көзқарасы (яғни келісетіні немесе қарсы болуы) немесе дəлелдің бөлшектері туралы айтылады. Автордың дəлелдерін түсіндіру шындыққа жақын болу керек. Түсіндірме мəтіннің үзіндісін əңгімелеп беру түрінде берілуі мүмкін, бірақ мəтінді толық көшіріп алуға немесе айтарлықтай дəрежеде оған өзгерістер не толықтырулар енгізуге болмайды.

Жауап қабылданбайды, 0 балл.

4-сұрақ. Əр хатты талдай отырып, хатта не айтылғанын (яғни мазмұнын) талқылай аламыз.

Сонымен қатар бұл хаттың қалай жазылғанын (яғни стилін) талқылай аламыз.

Қай хатпен келісетініңізді ескермей-ақ, сіздің ойыңызша, бұл екі автордың қайсысы хатты жақсы жазғанын түсіндіріңіз. Екі хат немесе екеуінің біреуі қалай жазылғанына сүйене отырып, өз жауаптарыңызды түсіндіріңіз.

4-сұраққа жауап толық қабылданады, 1 балл.

Көзқарасты түсіндіру барысында бір немесе екі хаттың да стилі немесе пішіні аталады. Жазу стилі, дəлелдерді құру, дəлелдердің сенімділігі, тон, қолданылған жазбалар, адамдары сендіру əдістері секілді ерекшеліктерге сілтеме жасалады. «Жақсы дəлелдейді» типті көзқарасы түсіндірілуі керек.

Жауап қабылданбайды, 0 балл.

Сонымен, байқағаныңыздай, тапсырмалардың екі түрі беріледі, олар – жауапты таңдау тапсырмасы жəне жауапты өз еркімен құрастыру тапсырмалары. Тапсырмалардың аздаған бөлігі білім беру мекемелеріндегі 15 жастағы оқушылар əлі оқымаған материалдарды тексеруге берілетінін ескерген жөн. Себебі барлық елдің бағдарламаларына толық сəйкес келетін жəне біруақытта əртүрлі елдердегі оқыту ерекшеліктері туралы ақпараттар беретін тест жасау тəжірибе жүзінде мүмкін емес. Сондықтан барлық қатысушы ел үшін тапсырмалардың кейбір бөліктері оқу бағдарламасына сəйкес келмейді. Оқушыларға бұндай тапсырмаларды орындауға дайын болу туралы кеңес беру қажет болады. Бағдарламадан тыс тапсырмаларды, əдетте, оқушылардың 10%-нан 80%-на дейінгілері дұрыс орындайды. Балаларға жұмысты қалай орындауды сипаттайтын, оқушыларға арналған нұсқаулық беріледі. Оқушылардың жауаптарын бағалау бойынша нұсқау: Таңдау жауабы бар кез келген тапсырманы дұрыс орындаса, 1 балл қойылады. Өз еркімен жауапты құрастыру тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін не 1 балл, не 1-2 балл қойылады (келтірілген түсіндірменің толықтығына байланысты). Оқушылардың жұмыстарын тексеретін мұғалім PISA зерттеуінде оқушылардың жазу тіліне емес, математикадан, жаратылыстанудан, оқу сауаттылығынан берілген материалдарды білуін бағалайды. Ал осындай халықаралық зерттеуден оң нәтиже көрсету үшін жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасын сапалы жүзеге асыру қажет. Себебі оқу мақсаттары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды басты назарға алады. Ендеше оқулық мазмұнына шолу жасап көретін болсақ, жауапты таңдау тапсырмалары мен жауапты өз еркімен құрастыру тапсырмалары кең қолданыс тапқан. Олар оқушылардан оқу мәтіндерімен жұмыс істей отырып, мәселелерді саралауға, ақпараттар арқылы ой-өрісін кеңейтіп, тұлғалық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушыларға мәтіндерді түсініп талдауға, оқу материалдары төңірегінде достарымен ой бөлісуге, пікір таластыруға бағытталған тапсырмалар ұсынылған. Жауапты өз еркімен құрастыру мақсатында өз тұжырымдарын жеткізу үшін эссе, ойтолғау секілді жұмыс түрлерін қарастырған. Енді 9-сынып оқулығынан бірнеше мысалды қарастырып көрейік:

«Мәтіндегі қазақ халқына берілген сипаттамаларға «Келісемін/келіспеймін» әдісімен өз ойыңды айтып дәлелде» (9-тапсырма, 14-бет) деген тапсырма оқушылардың өз сөздерімен көзқарастарын негіздеуді үйретеді.

«Қазақ халқының жаны жайсаң, қонақжай халық екенін дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз» (12-тапсырма, 15-бет) тапсырмасы оқушыға негізгі ойын түсіндіруді қалыптастырады.

«Замандастарыңызға ана тілі атынан хат жазыңыз» (4-тапсырма, 16-бет) тапсырмасы хат жазу стилін меңгеруге, дəлелдерді құруға, дəлелдердің сенімділігін назарға алуға, сыныптастарын сендіру əдістерін меңгеруге жетелейді.

Бұдан жаңартылған білім беру бағдарламасы да, оқулық та оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға мұрындық болып, оқушылардың өз ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе алатын, туындаған мәселелерді еркін шеше білетін, шынайы өмірге бейім, жаңашыл азамат болып қалыптасуларына септігін тигізеді деген қорытынды жасаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет