Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет83/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Байланысты:
Пиза тапсырмалары.docx өткен курс бойынша

Жаттығулар

Олимпиада

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Кестеде 2008 жылғы Олимпиада алтын медалі иегерлерінің 100 м, 200 м, 400 м және 800 м қашықтыққа жүгіретін уақыттары мен минуттары көрсетілген.

Қашықтық

Ерлер

Әйелдер

100 м

9,69

10,78

200 м

19,30

21,74

400 м

43,75

49,62

800 м

1:44,65

?

800 м қашықтыққа жүгіретін әйелдер арасындағы алтын жүлдегер қай уақытты көрсетуі мүмкін?

A. 1:00.18

B. 1:20.43

C. 1:48.02

D. 1:54.87
Жаттығулар

Жұмыс күші

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: білім беру

Тапсырма форматы: қысқа жауап (Иә/Жоқ т.б.)



Жұмыс күші

1-мәтін

Диаграммада белгілі бір елдегі еңбекке жарамды халықтың құрылымы көрсетілген. 1995 жылы бұл елдің халық саны шамамен 3,4 миллион болған.

Ескертпе:


  1. Халық саны мыңдықпен (000) көрсетілген.

  2. Еңбекке жарамды халық дегеніміз – 15 пен 65 жас аралығындағы адамдар.

  3. «Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер» – жұмысты белсенді іздемейтіндер және (немесе) жұмыс таба алмай жүргендер.

2-мәтін




Жұмыс күшінің құрамына кіретіндер: жұмыс істеп жүргендер

Жұмыс күшінің құрамына кіретіндер: жұмыссыздар

Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер

Ешқандай санатқа кірмейді.

Даяшы, 35 жаста, жарты күн жұмыс істейді.

Мүмкін

Мүмкін емес

Мүмкін емес

Мүмкін емес

Кәсіпкер, 43 жаста, аптасына 60 сағат жұмыс істейді.













Күндізгі бөлімнің студенті, 21 жаста.













28 жастағы ер адам, жақын арада дүкенін сатты, жұмыс іздеп жүр.













55 жастағы әйел, ешқашан жұмыс істемеген және үйден тыс жұмыс істегісі келмейді.













80 жастағы әже, отбасылық дүкенде күніне бірнеше сағат жұмыс істейді.













Кестенің сол жағындағы адамдарды диаграммада көрсетілген санаттардың қайсысына жатқызуға болады?

Кестенің сәйкес ұяшығынан мүмкін/мүмкін емес жауаптарын таңдаңыз.

Бірінші мысалда тапсырманы қалай орындауға болатыны көрсетілген.

Жаттығулар

Олимпиада

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: қысқа жауап (Иә/Жоқ т.б.). (балл компьютерлік бағдарламамен анықталады)



Кестедегі мәліметпен танысып, дұрыс жауапты таңдаңыз.

Кестеде 2008 жылғы Олимпиада алтын медалі иегерлерінің 100 м, 200 м, 400 м және 800 м қашықтыққа жүгіретін уақыттары мен минуттары көрсетілген.



Қашықтық

Ерлер

Әйелдер

100 м

9,69

10,78

200 м

19,30

21,74

400 м

43,75

49,62

800 м

1:44,65

?

Тұжырым

Дұрыс / Бұрыс

Жалпы, бірдей қашықтықта жүгіру бойынша олимпиадалық жарыстарда ерлер әйелдерге қарағанда жылдам жүгіреді.




Қашықтықтың ұзындығына қарамастан, ерлер мен әйелдер арасындағы жүгірудің айырмашылығы бірдей.





15 сабақ. Курс-практикум. Оқу сауаттылығы. 5-бөлім

Сабаққа шолу



Құзыреттілік:

Мазмұндық бөлік:

  • Тұтас мәтін

Сабақтың мазмұны

  • Видеотүсіндіру

  • Жаттығулар

Жаттығулар

Билл Гейтс

Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап

Билл Гейтс

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі – «Microsoft» фирмасының басшысы Билл Гейтс жақында әлем балалары үнемі жадында ұстауы тиіс 11 кеңес берді. Бұл, әрине, Биллдің уақыт сынынан өткен, арғы-бергіні толық таразылаған ақылы. Әйтпесе болашақ миллиардердің бала күнінде грамматика, азаматтану пәндерінен үлгерімі төмен болған, бірақ математиканы «беске» оқыған. Бастауыш мектепті бітіретін жылы баласының болашағына алаңдаған ата-анасы оны психиатрға апарып көрсеткен. Гарвард университетіне оқуға түскенімен, орта жолда оқудан шығарылған.

Міне, осындай өмір жолы Гейтсті үлкен ой толғанысына әкелген сияқты. Ол құр ақыл айтып қана қоймай, өскелең ұрпақты өз қателіктерінен сақтандыруды да қалап отырғаны сөзсіз. Билл бұл кеңестерін өзінің интернеттегі блогына жазыпты.

1-кеңес. Өмір – әділетсіз. Осыған бой үйретіңіздер!

2-кеңес. Әлем үшін сіздің өзіңіз туралы ойыңыздың құны - бес тиын. Өмір сіз өзіңізді сенімді сезінгеніңізді күтпейді, шаруаны дәл қазір тындыруды талап етеді.

3-кеңес. Сіз мектеп бітіре салып, жылына 60 мың доллар таппайсыз.

4-кеңес. Мұғалім тым талапшыл деп есептейсіз бе? Өзіңіз басшы болғанша күте тұрыңыз.

5-кеңес. Гамбургер сату сіздің намысыңызға нұқсан келтірмейді. Котлет сатқан сіздің аталарыңыз бен әжелеріңіз бұл үшін басқа сөз қолданған. Олар мұны «мүмкіндік» деп атады.

6-кеңес. Егер сіз масқараға ұшырасаңыз, ата-анаңыздың кінәсі емес. Ойбайлай бермеңіз, қатеден сабақ алыңыз.

7-кеңес. Сіз өмірге келгенге дейін ата-анаңыз қазір сіз ойлап жүргендей, іш пыстырарлық жандар болған жоқ. Олар мұндай жағдайға сіздің жоғыңызды тауып бере жүріп, киімдеріңізді жуып-тазалап жүріп және сіздің өзіңіз туралы әдемі пікірлеріңізді естіп жүріп жетті. Сондықтан әлемді өз ата-анаңыздың әңгімесінен тазартпас бұрын, өз бөлмеңіздегі шаң-тозаңды тазартып алыңыз.

8-кеңес. Сіздің мектебіңіз оқушыларды көшбасшылар және жолы болмайтындар деп бөлмейтін шығар, ал өмір бөледі! Кейбір мектепте сізге бірден нашар баға қоймайды, сізге бірнеше рет мүмкіндік береді. Ал шынайы өмірде ешқашан мұндай оқиға болған емес!

9-кеңес. Өмір мектептегідей тоқсандарға бөлінбейді. Өмірде жазғы каникул деген болмайды. Сіз өмірден өзіңізді табу үшін мүмкіндік беретін жұмыс орны тіпті аз. Өзіңіз іздеңіз!

10-кеңес. Теледидар – шынайы өмір емес! Шынайы өмірде адамдарға дәмханада отыруға емес, жұмысқа баруға тура келеді.

11-кеңес. ”Кітапкеміргіштер” мен “оқымыстыларға” аса қатал қарамаңыз. Кім біледі, ертең соның қарауында жұмыс істеп қаларсыз…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет