Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет85/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
Пиза тапсырмалары.docx өткен курс бойынша

«Сыйлық» әңгімесін оқыған екі адамның пікірімен танысыңыз.

1-оқырман: Менің ойымша, бұл оқиғадағы әйел – тас жүрек және қайырымсыз.

2-оқырман: Сіз неге олай айтасыз? Менің ойымша, ол – өте қайырымды адам.

Әңгімеден оқырмандардың пікірін дәлелдейтін фактілер келтіріңіз.

Жауабыңызды жазыңыз.

Жаттығулар

Граффити

Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап

ГРАФФИТИ

Мектеп қабырғасындағы граффитиді, міне, осымен төртінші рет тазартып, бояғандығын көргенде менің бойымды ашу кернеді. Шығармашылық – тамсануға тұрарлық құбылыс, алайда адамдар қоғамды қосымша шығындарға батырмайтын өзін көрсетудің басқа жолдарын іздеуі тиіс.

Неліктен граффитиді тыйым салынған жерге салып, жастардың беделін бұзасыздар? Кәсіби суретшілер өз суреттерін көшеде іліп қоймайды ғой. Оның орнына олар қаржыландыру іздейді және заңды көрмелерде атаққа ие болып жатады.

Менің ойымша, ғимараттар, қоршаулар мен саябақтардағы орындықтар өзінше бір өнер туындылары болып табылады. Ал енді бұл сәулет бұйымдары граффитимен бүлінген болса, бұл аса қуанатын жағдай емес, оның үстіне сурет салудың бұл түрі ауадағы озон қабатын бұзады. Шын мәнінде, мен осы «қылмыскер» суретшілердің «өнер туындыларын» баршаның назарынан қайта-қайта алып тастаған кезде неліктен абыржитындарын түсінбеймін.

Хельга

Талғамға талас жоқ. Қоғам хабарламалар мен жарнамаға толып кеткен. Компания логотиптері, дүкен атаулары. Көшедегі үлкен, көңіл аударатын плакаттар. Олар қабылдауға тұра ма? Иә, көптеген жағдайларда. Ал граффити ше? Кейбір адамдар «иә» деп жауап берсе, кейбіреулері «жоқ» дейді.



Граффитидің құнын кім төлейді? Ақыр аяғында жарнаманың құнын кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.

Билбордтарды орнатқан адамдар сіздің рұқсатыңызды сұрады ма? Жоқ. Граффитидің жасампаздары да солай істеуі керек пе? Мұның барлығы – сіздің атыңыз, бандалардың аттары және көшедегі үлкен өнер туындыларын беру тек қарым-қатынас мәселесі болып табылмайды ма?

Бірнеше жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақтар немесе торлы суреті бар киімдерді есіңізге алыңызшы. Сондай-ақ шаңғы тебуге арналған киім. Олардың үлгілері мен түстері суреттер салынған бетон қабырғалардан алынған. Осы үлгілер мен түстердің қабылданып, танылғандығының өзі – таңқаларлық жағдай, алайда тура осы стильдегі граффити қорқынышты деп саналады.

Иә, сурет салу өнері басынан қиын кезең кешіруде.

София

Жоғардағы екі хат ғаламтордан алынды және олардың екеуі де граффитиге қатысты. Граффити – қабырғалар немесе тағы басқа жерлерде заңсыз салынған суреттер мен жазбалар. Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін осы хаттарға сүйеніңіз.



Өзіңіздің кімнің хатымен келісетініңізге қарамай-ақ, осы екі автордың қайсысы хатты жақсы жазды деп ойлайтыныңызды түсіндіріңіз. Хаттардың екеуінің немесе біреуінің қалай жазылғанына сүйене отырып, жауабыңызды дәлелдеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет