1-сурет. PISA-2018 оқу сауаттылығының шегіне қойылған талаптар
Сандық технологиялар видео, сурет секілді беймәтіндік ақпараттарды таратуды жеңілдетті. Соған қарамастан визуал және ауызша ақпаратқа қолжетімділік те бүгінгі күні оқу дағдысын талап етеді: экрандағы әр қосымшада жазбаша тіл бар (мысалы, тақырып, қысқаша сипаттама немесе пікір). Осылайша сандық технологиялар мәтіннің жаңа формасының пайда болуына әсер етті және оны қолжетімді етті. Олар қысқа мәтіннен (мәтіндік хабарлама; видео/сурет пен мәтінді біріктіретін мем; аннотациялық іздеу нәтижелері және Интернет форумдарындағы кейбір посттар) көлемді мәтінге дейін түрленеді (қойындылары бар веб-сайттар, бірнеше беттен тұратын веб-сайттар; шағынфишалардан сканерленген қолжетімді архив материалдары мен онлайн формудардың басқа да посттары). Демек, оқу дағдысы жоғары технологиялар заманында да дәл бүгінгідей аса қажет болмақ. Сондықтан білім беру жүйелері сандық оқу сауаттылығын оқу бағдарламаларына жиі енгізіп отыр (Erstad, 2006; Common Core State Standards Initiative, 2010).
Достарыңызбен бөлісу: |