қызықтырған мәліметі мәтіннің терең астарында жасырынған және тапсырмамен жанама байланысты ұзақ әрі абстрактілі мәтіндерді түсіне алады;
бірнеше критерийді пайдаланып, ақпараттың қалай қажетке жарайтынын анықтау үшін мәтіннің әртүрлі бөліктеріндегі ақпараттан ой түйеді және әрқилы, кейде бір-біріне қарама-қайшы мәліметтерді салыстыра, салғастыра немесе біріктіре алады;
мәтіннен тыс критерийлерді қолданып, мәтін дереккөзі мен оның мазмұнмен байланысы туралы терең ойлана алады;
ақпарат дереккөздері, олардың айқын немесе жеке мүдделері, сондай-ақ ақпараттың анықтығына қатысты басқа да белгі-нышандары жайында ой қорыту арқылы интертекстуал алшақтықтар мен қарама-қайшылықтарды анықтап, мәтіндер арасындағы ақпаратты салыстыра алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар әдетте оқырманнан егжей-тегжейлі жоспар құруды, бірнеше критерийді қиыстыруды және тапсырма мен мәтін(дер)ді байланыстыру үшін қорытынды тұжырым жасауды талап етеді. Берілген материал әртүрлі және бір-біріне қарама-қайшы көзқарастардан, бір немесе бірнеше күрделі әрі абстрактілі мәтіндерден тұрады. Көздеген мәлімет әдетте мәтін астарына немесе мәтіннің өне бойында терең жасырынған және кереғар мәліметпен әдейі көлегейленген деталь түрінде болуы мүмкін.
5
626–698
5-деңгейдегі оқырмандар:
ұзақ мәтіндерді түсінеді, сондай-ақ еленбей қалуы оңай бола тұра мәтіндегі ақпараттың тапсырмаға қатысы туралы ой қорыта алады;
көлемді мәтіндерді терең түсінуге негізделген себеп-салдарлық немесе басқа да пайымдау формаларын қолдана алады;
сұрақ пен бір немесе бірнеше мәтін не дереккөздер ішінде не арасында шашырай орналасқан ақпараттың өзара байланысы туралы ой қорыту арқылы жанама сұрақтарға жауап бере алады;
нақты ақпаратқа сүйене отырып, гипотеза құра алады немесе оған сыни баға бере алады;
күрделі немесе абстрактілі тұжырымдардың мазмұны мен мақсаты арасындағы, сонымен қатар факт пен пікір арасындағы айырмашылықты анықтай алады;
ақпараттың мазмұнына және/немесе дереккөзіне тән айқын және жасырын белгілерге қарап, бейтараптық пен ағат пікірге баға бере алады;
мәтіндегі тұжырымдардың немесе қорытындылардың растығына байланысты ойын жеткізе алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқудың барлық аспектілері бойынша әдетте абстрактілі немесе қисынсыз көрінетін ұғымдармен жұмыс жасауды және мақсатқа жеткенше бірнеше сатыдан өтуді талап етеді. Олар оқырманнан ақпаратты салыстыру және салғастыру үшін бірнеше ұзын мәтін арасында ауысып отыруды қажет етеді.
4
553–626
4-деңгейдегі оқырмандар:
бір немесе бірнеше мәтіндегі көлемді үзінділерді түсінеді;
тұтас мәтінді қаперге ала отырып, мәтін бөліктеріндегі тілдік ерекшеліктердің (нюанстардың) мағынасын ашып түсіндіре алады;
интерпретациялық тапсырмаларда белгілі бір жағдайға арнайы құрылған санаттарды түсінетінін және қолдана алатынын көрсетеді;
көзқарастарды салыстыра алады және бірнеше дереккөз негізінде қорытынды жасай алады;
ойды бөлетін дистракторлар бола тұра, мәтіннің өне бойына кіріктерілген ақпараттарды іздеп тауып, оларды біріктіре алады;
көздеген ақпараттың қатыстылығын бағалау үшін тапсырмадағы тұжырым негізінде қорытынды жасай алады;
алдыңғы тапсырманың контекстін есте сақтауды қажет ететін тапсырмаларды орындай алады;
нақты тұжырым мен адамның осы тақырыпқа қатысты жалпы көзқарасы немесе ұйғарымы арасындағы байланысты бағалай алады;
мәтіннің көрнекі ерекшеліктеріне (мысалы, тақырыптар мен иллюстрацияларға) сүйеніп, авторлар өз ойын жеткізу үшін қолданатын стратегиялар туралы ойын айта алады;
бірнеше мәтіндегі айқын тұжырымдарды салыстыра және салғастыра алады және анық критерийлерге сүйеніп, дереккөздің сенімділігін бағалай алады.
Бұл деңгейдегі мәтіндер көбіне ұзақ және күрделі болып келеді, ал мазмұны немесе формасы стандарт болмауы мүмкін. Тапсырмалардың көбі бірнеше мәтінмен байланыста беріледі. Мәтіндер мен тапсырмаларда жауапқа жанама немесе жасырын түрде бағыттайтын нышандар болады.
3
480–553
3-деңгейдегі оқырмандар:
мазмұны мен құрылымдық нышандары айқын емес бір немесе бірнеше мәтіннің тура мағынасын аңғара алады;
мазмұнды біріктіріп, қарапайым және анағұрлым ауқымды тұжырым жасай алады;
қажетті ақпарат бір бетте көрсетілген жағдайда негізгі идеяны анықтау, сөздің немесе сөйлемнің өзара байланысын түсіну немесе мағынасын түсіндіру үшін мәтіннің бірнеше бөлігін біріктіре алады;
жанама нышандарға қарап, ақпаратты іздей алады және жасырын орналасқан және/немесе дистракторлары бар мәтіндегі қажетті ақпаратты таба алады;
кей жағдайда бірнеше критерийлердің негізінде ақпараттың бірнеше бөлігі арасындағы байланысты тани алады;
мәтін немесе мәтіндердің шағын жиынтығы туралы ой қорыта алады, сондай-ақ айқын ақпарат негізінде бірнеше автордың көзқарасын салыстыра алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар:
салыстыруды, түсініктеме беруді немесе мәтіннің белгілі бір сипатын бағалауды талап етуі мүмкін;
таныс тақырыпқа қозғаған мәтінді толық түсінуді немес онша таныс емес мәтін мазмұны туралы негізгі түсінік беруді қажет етеді;
ақпаратты салыстырғанда, салғастырғанда немесе жіктегенде көптеген ерекшелікті ескеруді талап етеді. Қажетті ақпарат көбіне жасырын тұрады немесе жарыспалы ақпарат басым болуы мүмкін. Бұл деңгейге тән мәтіндерде күтпеген немесе теріс тұжырымдалған идеялар сияқты басқа да кедергілер болуы мүмкін.
2
407–480
2-деңгейдегі* оқырмандар:
көлемі орташа мәтіндегі негізгі ойды аңғара алады;
ақпарат айқын болмаған жағдайда және/немесе мәтінде кейбір басы артық мәлімет бар кезде қарапайым тұжырым жасау арқылы мәтіннің шағын үзіндісіндегі өзара байланысты түсіне алады және мағынасын түсіндіре алады;
айқын, бірақ кейде күрделі нұсқауға негізделген жиынтықтан керекті бөлігін таңдап, өте алады және бірнеше, ішінара жасырын критерийге сүйеніп, бір немесе бірнеше ақпаратты таба алады;
айқын берілген жағдайда орташа көлемді мәтіннің жалпы мақсаты немесе мәтіннің белгілі бір деталінің мақсаты туралы ой қорыта алады;
қарапайым визуал немесе типографиялық ерекшеліктер туралы ой қорыта алады;
мәлімдемелерді салыстырып, оларды қолдаушы пайымдарды қысқа да нұсқа тұжырымдар негізінде бағалай алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмаларда мәтіннің бір ғана ерекшелігін салыстыру немесе салғастыруы мүмкін. Бұл деңгейдегі әдеттегі рефлектив тапсырмалар оқырманнан жеке тәжірибесі мен ұстанымына сүйеніп, мәтін мен одан тысқары білімін салыстыруды, немесе олардың арасында бірнеше байланыс табуды талап етеді.
1a
335–407
1a деңгейіндегі оқырмандар:
сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура мағынасын түсіне алады;
таныс тақырыпты қозғаған мәтіндегі негізгі ой арқауын немесе автордың мақсатын таниды және бірнеше іргелес ақпарат арасында немесе ақпарат пен өз білімі арасында қарапайым байланыс орната алады;
қарапайым нұсқауға негізделген, жауапқа жөн сілтейтін ашық жиынтықтың керекті бөлігін анықтап, қысқа мәтін ішіндегі бір немесе бірнеше дербес ақпаратты таба алады;
жауапқа жөн сілтейтін айқын нышандары бар қарапайым мәтіннің жалпы мақсаты және ақпараттың салыстырмалы маңыздылығы (негізгі ой мен маңызы жоқ деталь арасындағы айырмашылық) туралы ой қорыта алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалардың көбінде не істеу керек, оны қалай жасау керек және оқырман мәтінде неге назар аударуы керек деген нақты нұсқаулар кездеседі.
1b
262–335
1b деңгейіндегі оқырмандар:
жай сөйлемдердің тура мағынасын бағалай алады;
сұрақтағы және/немесе мәтіндегі ақпараттың іргелес бөліктері арасында қарапайым байланыс орнату арқылы мәтіндердің тура мағынасын интерпретациялай алады;
бір сөйлемдегі, қысқа мәтіндегі немесе қарапайым тізімдегі көзге оңай түсетін, айқын ақпаратты іздеп таба алады;
қарапайым нұсқауға негізделген, жауапқа жөн сілтейтін айқын нышандары бар шағын жиынтықтың керекті бөлігіне өте алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқырманды тапсырма мен мәтінге қатысты факторларды қарастыруға ашық жөн сілтейді. Мәтіндер қысқа болып келеді, әдетте оқырманға ақпаратты, суреттерді немесе таныс символдарды қайталау арқылы қолдау көрсетеді. Мәтіндерде жарыспалы мәліметтер аса көп емес.
1c
189–262
1c деңгейіндегі оқырмандар:
қысқа, синтаксисі қарапайым сөйлемдердің тура мағынасын сөзбе-сөз деңгейде түсініп, растай алады;
шектеулі уақыт ішінде түсінікті және қарапайым мақсатта оқи алады.
Бұл деңгейдегі тапсырмалардың синтаксистік құрылымы мен сөз қолданысы қарапайым.
PISA зерттеуіндегі компьютерлік тестілеу форматы жаңа сұрақ түрлерін – ашық мәзір, объектілерді/бірнеше парақты/веб-қойындыларды және т.б. тасымалдау – қолдануға ғана мүмкіндік беріп қоймай, адаптивті тестілеуді жүзеге асыруға жағдай жасады.