Жазудың дауыссыздарды белгілейтін таңбалары, соған сәйкес үш түрлі топқа бөлінеді:
жуан дауыстылармен де, жіңішке дауыстылармен де айтылатын дауыссыздар
м, н, ң, п, ш, ч, з.
жіңішке дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар
б, д, г, к, л, н, р, с, т,
жуан дауыстылармен бір тіркесте айтылатын дауыссыздар
б, д, г, қ, л, н, р, с, т, й,
Түркілік о фонемасының қазіргі түркі тілдерінде сақталуымен қатар, кей тілдердегі көрінісі барлық уақытта бірдей еместігін айта келіп, М.Томанов өзбек тіліндегі о фонемасының ерекшелігі туралы: «Өзбек əдеби тілінде о типтес екі түрлі фонема бары белгілі: басқа түркі тілдеріндегі а дыбысына сəйкес келетін, о-дан гөрі «ашық» айтылатын (от, борат, бор) жəне басқа тілдердердегі о (кейде ө) дыбысына сəйкес келетін, бірақ одан қысаң айтылатын о. жуан о мен жіңішке ө өзбек тілінде бір ғана у арқылы беріледі.
Соңғы о фонемасы айтылуда у-ға жақын естіледі. Акустикалық жағынан өзбек тілінде о дыбысы у мен о-ның арасынан естіледі.
Оны дыбыстағанда ауыз қуысы у дыбысын айтқандағыдай, бірақ ілгері қарай жүйткіген жағдайда болады», — дейді [3; 43]. Яғни қазақ тіліндегі
Қазақ, қырғыз тілдеріндегі о жуан, ал ө жіңішке сөздермен қатар келіп, сөз мағынасын ажыратады да, графикалық тұрғыдан ерекшеленеді, ал өзбек тілінде екеуі бір ғана у-мен таңбаланады. Мысалы: ор (шөп ору) — ур, өр (шаш өру)- ур, от (от жағу)- ут, өт (өтіп кету)- ут, бол (тез бол)-бул, бөл (екіге бөл)-бул т.б.
Қазақ немесе көптеген түркі тілдерінде о, ө дыбыстарының сипаты татар, башқұрт тілдерінде у, ү түрінде болып келеді де, қыпшақ-бұлғар топшасындағы тілдердің фонетикасына байланысты ерекшелік ретінде көрінеді: муйын–мойын, йул–жол, йуқ–жоқ, күз–көз, күк–көк, туғыз–тоғыз т.б.
Ал о дыбысының чуваш əдеби тіліндегі ерекшелігін зерттеушілер төмендегі сипатта көрсетеді: Басқа түркі тілдеріндегі о дыбысы чуваш тілінде у сул-йол, сук-йоқ, хул-қол), ву (вунна-он, вут-от, вучах-очақ, вута-отын), ва (вал-ол, ватар-отыз), вы (выран-орын, выр-ор) түріндегі сəйкестіктер ретінде орын тапқан
- Қазақ тіліндегі жуан о -қор, -қой, -ғой қосымшалары құрамында келгенде, соңғы буындарда да кездеседі (мансапқор, əуесқой, даңғой). Қырғыз тілінде о, ө буын талғамай, қосымшалар құрамында да қолданылады (қолдор, өкүлдөр, топтор, көчөлөр) т.б. Бұл қырғыз тілінде лабиалды сингармонизмнің тілдік, құрылымдық деңгейде сақталғанына жəне оның күштілігіне байланысты болған ерекшелік көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |