11-кесте. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасы
Сынып Оқушылар саны
Сабақ жүргізілген жер
Сабақ түрі
Сабақ жүргізуші
Бақылаудағы оқушы
Хаттама жүргізуші
Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2-бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағы мақсатқа сәйкес орындалған уақыттар қосылады да, сабақтың жалпы уақытына бөлу, оларды 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздығы анықталады.
Мақсатқа сәйкес кеткен уақыт 40
Жалпы тығыздық х 100 % х 100 = 100%
Жалпы сабақ уақыты40
Біздің үлгі ретінде берген бұл хаттама бойынша сабақтың жалпы тығыздығы - 100%. Мұғалімнің күнәсінен болған бос уақыттар жоқ, сондықтан дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағы деп есептеледі.
4-бағанадағы жаттығуды орындауға кеткен уақытты сабақтың жалпы уақытына бөлу, 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың қозғалтатын тығыздығын анықтаймыз.
Жаттығу орындауға кеткен уақыт35
Қозғалтатын тығыздықх 100 % х 100 = 77,7
Жалпы сабақ уақыты 40
Біздің бұл жағдайымызда, хаттама бойынша қозғалтатын тығыздық - 77,7 пайыз. Ереже бойынша қозғалтатын тығыздық 60-70 пайыздан жоғары болуы қажет, сондықтан да 77,7 пайызбен өткізілген сабақтың қозғалтушы тығыздығы өте жақсы деп есептеледі.
Жалпы және қозғалтатын тығыздық көрсеткіштерін салыстыра отырып, әрбір мұғалім өз жұмысындағы сабақтың қанша пайыз сапалы өткенін біледі.
Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау,тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минөт сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Тамыр соғысын сол қолдың немесе мойындағы күре тамырдың қан тамырын ортаңғы үш саусақтың ұшымен ақырын басып санау арқылы есептейміз. Тамыр соғысы 10 секөнд бойы есептеледі де 6-ға көбейтіліп, бір минөттағы жүрек соғу жиілігі анықталып отырады. Ол көрсеткіш хаттаманың № 2, № 3 бағанасына жазылады. № 4 «Қимыл-әрекет түрлері» бағанасына тамыр соғысын есептеу алдында оқушының орындаған әрекет түрі жазылады. Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері хаттамада көрсетілген (12-кесте).