Сабақтың ортасы
5-25 мин
25-35 мин
|
Түсіндіру.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтау үшін шағын тәжірибелер жасатыңыз
а) Эбонит таяқшасын изоляцияланған штативке жібек жіппен іліп қойыңыз.
Теріс және оң зарядтардың бар екенін түсіну үшін электрленген эбонит таяқшасының дәл сондай электрленген эбонит таяқшадан тебілетінін, ал электрленген шыны таяқшаға тартылатынын бақылауды ұсыныңыз. Тәжірибелердің нәтижесін талдай отырып, оқушыға аттас зарядтардың бір-бірінен тебілетінін, ал әраттас зарядтардың бір-біріне тартылатынын түсіндіріңіз. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуынсипаттайтын физикалық шама –электр заряды деп аталады.
b) Индукция көмегімен электрлену құбылысын демонстрациялаңыз
Тәжірибе нәтижесін талдай отырып, денені үйкеліс арқылы және индукция көмегімен электрлеуге болатынын атап өтіңіз.
с)Дене бетінін зарядталғанын анықтау үшін жапырақты электроскопты қолданып, зарядтың бөлінуін демонстрациялау. Зарядталған эбонит таяқшасының көмегімен бір электроскопты зарядтаймыз. Екінші зарядталмаған электроскоптың шарын бірінші электроскоптың шарымен металл таяқшасымен диэлектрик ұстағыш көмегімен қосқанда, онда бірінші электроскоптың жапырақшалары төмен түседі, ал екінші электроскоп дәл сондай заряд алады. Содан кейін екінші электроскоптың шарын қолмен ұстап, разрядтау. Экспериментті бірнеше рет қайталанғаннан кейін оқушыларға зарядтың сақталу заңын және зарядтың ең кіші, ары қарай бөлінбейтін шамасы болатынын түсіндіру.
d) Зарядталған электроскопты қолданып, дененің дененің электрді өткізетінін немесе өткізбейтінін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету
электроскопқа шыны, эбонит немесе фарфор таяқшасын жақындатыңыз, электрлік күйі өзгермейді
металдар немесе графитті жақындатыңыз, электрлік күйі өзгереді.
Сабақты бекіту
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. (Қосымша 1)
|