Сабақта ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктері



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі25,29 Kb.
#84672
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
лекция14

«Ғажайыптар алаңы» - ойын сабағының ерекше түрі. «Ғажайыптап алаңы » сабағы көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, себебі жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады (қолдан, оқушылардың өздері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).
Жұлдызды сағат сабағы - қайталау-пысықтау сабақтарында әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүктеу мақсатында өткізілетін ойын сабағының көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады, мысалы «Ғарыш әлемі», «Қазақтың ұлы ғалымдары» және т.б. тақырыптарда жүргізіледі.
Ойыншылардың саны алғашқыда – 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпай (жұлдызы ) аз ойынша ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызд сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді.
«Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды, өйткені «Жұлдызды сағат» өтетін сабақтың тақырыбы оқушыларға алдын ала тараудың барысында 10-15 күн бұрын белгілі болады да, оқушылар берілген тақырыптар бойынша жан-жақты өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтырады.
Театр сабағы- сабақтағы өтілетін материалды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын жүзеге асыру оңай емес.
Концерт сабағы - ән күй, тіл сабақтарына жақсы келеді. Концерт сабағы сабақта оқушылардың ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ол әндердің шығу тарихын біліуге бағытталады.
Тренинг сабақ-белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі-тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысуы керек.
Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізінде құралған сабақ. Саяхат сабағы «Ертегілер еліне», «Матиматика патшалығына», «Ғарыш әлеміне» және т.б. болып кете береді.
Әдебиеттер тізімі.

  1. Селекова Т.К. Современные образоыательные технологии.- М.,2000.

  2. Слестенин В.А. Педагогика . Инновационная деятельность. –М., 1989.

  3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогическое технологии. Москва: Просвешение, 1989.

  4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса . –Усть-Каменгорск, 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет