Сабақта ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктері


Іскерлік ойының негізгі ерекшелігтері



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі25,29 Kb.
#84672
түріСабақ
1   2   3   4
Іскерлік ойының негізгі ерекшелігтері:
1. Шешімін күтетін мәселердің болуы.
2. Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу және рөлдеріне сәйкес белсенді өзара әректімен және мұғаліммен байлансы болуы.
3 .Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарынның болуы және ұжымдық шешім шығаруы.
4. Шешімдерінің көп нұсқалығы
5. Ойын соңында талдау жасау.
6. Қатысушылардың жоғары эмоциялық күйі.
Әдетте ойын элементтерінің 2 түрі қолданылады:
1.белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар
(міндеттер);
2. арнайы тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері:

  • Белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті илдюстрацияларды іріктеу;

  • Дидактикалық материалдар дайындау;

  • Әр оқушыға тапсырма беру;

  • Оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;

  • Міндеттерді белгілеу;

  • Мүмкін болатын жаттығулар туралы ойлау;

  • Оқушылардың қызығуын ояту

Іскрлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуге үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын, ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады;
3) дамытушылық: қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.
Іскерлік ойындарды ұйымдастырудың төмендегідей психологиялық-дидактикалық жағдайларды атап көрсетуге болады:

  • Белсенділік –ойын барысындағы оқушының дене және интелектуалдық күштнрінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып табылады;

  • Рөлдерді орындау- адам әрекетінің ойын негізінде нобайлауы және қайта жасалу құдыдысын көрсету. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы оқушылардың кәсіби даярлығына бағдарлаушылығы болып табылады;

  • Ұжымдық сипаты-оқушылардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық сипаты негізінде оқушылардың өзіндік қарым-қатынысы, достығы, ұйымшылдығы, өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;

  • Кері байланыс- оқушы өзінің әрекетін өзі басқарып ойын барысында тікелей әсер етед;

  • Мәселелік –ойындағы ойлаудың қисынды психологиялық заңдылықтарын көрсетеді;

  • Нәтижеге жету-ойын әрекеті негізінде белгілі бір мақсатқа жету, міндеті орындау;

  • Сайыс –ойындарға белсене қатыса отырып оқушылардың нәтижеге жетуге ұмтылысы түрінде көрінеді.

Іскерлік ойындарының негізгі міндеттертөмендегідей болады.

  1. Оқыған материалдарды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.

  2. Дұрыс шешім қадылдау және жағдаяттарға баға беру білігін қалыптастыру.

  3. Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.

  4. Шығармашылығын дамыту.

Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері тқмендегідей түзіледі.
1-кезең: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлждік қызметтіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысында әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2-кезең: соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау. Тиімді әдіснаманы таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценариді дайындау, рөлдерге бөлу.
3-кезең: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценариі, мақсаты, мазмұнымен таныстыруды, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушыныңойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жазауы жүзеге асырылады.
Іскерлік ойындардың әлеуметтік мәні мынада: белгілі бір міндеттерді шешу барысында оқушылардың меңгеру белсенділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Ең бастысы, қандайдаболсын ойын түрлері арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибиені меңгереді, психикалық қасиеттері мен танымдық ережелері қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет