Сабақта ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктері



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі25,29 Kb.
#84672
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
лекция14

Ойын сабақтары. Ойын сабақтары-дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі –оқу тәрбие үдерісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.
Ойын-оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағығы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағыш келеді. Жалпы бала табйғаты өзіне бірнеше есе үлкейтіп көрсетуге бейім.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның төлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім-машықтарының негізінде бір көрін іске орай басты кейіпкерлерге кліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі.
Дидактикалық ойындардың мақсаты-баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл-ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздену де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсассссстық және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларға ешқандай күш түсірмей, олардың өздерінің қалауы бойынша дидакиикалы ойын арқылы оқу материал әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді.
бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін түрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен орындау үшін оның арнайы құрлымы болуы шарт. Оның құрлымы төмендегідей:

  1. Міндеті.

  2. Әрекеті

  3. Ереже

  4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Әрбір дидақтикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық маққсаттан келіп туындайды. Ойынның міндеті оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, білік, дағдымен байытады.
Ойын салбақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылығының артуына себебін тигізеді.
Ойын сабақтарының түрлері көп. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, «ойлан тап!», аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.
«Ойлан тап!» сабағы – ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!»сабағы- білімді жүйелеу, қайталау және тексеру сабақтарында пайдаланған ұтымды. Сабақтың ерекшелігі-сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардан терең білімді талап етеді.
Осындай «Ойлан тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып , танымдық қызығушылығын арттыруына жол табады.
«Ойлан тап!» сабағы әсіресе сабақтағы дарынды балалармен жұмыстар жүйесінің бастамасы болуы тиіс, себебі осындай сабақтар оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа итермелеп, олардың бойындағы жеке дара қабілеттерінің қалыптасуына жол ашады.
Аукцион сабақ. Аукцион сабақ-дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау- пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізінде-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, не артындағы тапсырмаларды, есептерді шығаруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет