Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар Қ ұрметті ұстаздар!



бет6/16
Дата13.03.2023
өлшемі1,5 Mb.
#73714
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
әдіс -тәсіл кітапша

«Қауіпті аймақ» ойыны
Қауіпті аймақтан сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. Егер оқушы қауіпті аймақтағы сұрақты басқан жағдайда сұраққа жауап береді. Ал баспаған жағдайда сұраққа жауап бермейді.


С ұрақты ұстап ал!


Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.


«Он сұрақ!» әдісі


Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Кір жаю»әдісі

Үй тапсырмасын бекіту.


Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады. Жайулы тұрған сұрақтарға жауап беред.




«Элективті тест»
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға А, В, С, Д, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 сек. Кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін –бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.


« Сиқырлы сандық» әдісі

Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында бағалауға пайдаланады. Сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет